"Беу, қыздар-ай" байқауына көмек: Суретке сәтті түсу үшін

"Беу, қыздар-ай" байқауына көмек: Суретке сәтті түсу үшін
Фото: Серік Байболсынов

Тым сұлу қыз суретке түскенде өмірдегідей әдемі болып шықпайтынын бір рет болса да байқаған боларсыз. Керісінше, қарапайым ғана келбеті бар қыз суретте сондай тартымды, жайдары, көрікті көрінеді. Мұның сыры неде? Суретке түсуді қалай үйрену керек? Фото әдемі де шынайы шығу үшін не істеу қажет?

Алдымен дұрыс күле білуді үйренейік. Ол үшін қалай күлгенде барынша тартымды, шынайы көрінетініңізді анықтап алу қажет. Үлкен айна алдына барып, жақсы естеліктерді еске түсірп көріңіз. Жүзіңізге күлкі үйірілді ме? Жай ғана жымидыңыз ба? Қайсысында әдемі көрінесіз? Аузыңыз сәл ашық па әлде жабулы ма? Тісіңізді көрсетіп күлгенде қалай көрінесіз, ал көрсетпегенде ше? Егер үстіңгі тісіңіз қисық болса, астыңғы ерінмен аздап жасыруға болады. Барлық сәтті қалт жібермей бақылаңыз да, қалай күлген кезде ең сүйкімді көрінетініңізді анықтаңыз.

Суретке түскен сәтте жақсы нәрсені не жаныңызға жағымды жанды еске алыңыз. Не күлкілі фильмді, әзілді еске түсіріңіз. Шынымен күлмесеңіз, суретте көрініп тұрады.

Келбетіңізге жақсылап қарап, ең тартымды жеріңізді айқындау. Жасанды түрде зілді күлімсіреу не көздегі қорқыныш еш суретке сәттілік әкелген емес. Бет-әлпетіңізді мұқият қарап, сізге қай ракурс жақсы екенін және қандай кемшілігіңізді жасыру керегін анықтаңыз.

Түсірілім алдында денеңізді бос ұстап, өзіңізді жайлы сезіну керек. Мұрныңыз үлкен болса жақын жерден, ірі планда аул керек. Егер бетіңіз томпақтау болса, бұл кемшілікті де жоюға болады. Шетке қарай сәл бұрылып тұрыңыз.

Макияжға да назар аударған жөн. Тым ашық түсті макияж жарамайды. Далабыңыз бен көз бояуыңыздың түсі күңгірттеу болғаны абзал. Суретте барынша табиғи көрінуге тырысып, тек белгілі кемшіліктеріңізді жасыру үшін амалсыз боянған абзал. Ерніңізді жылтырақ далаппен айқындағыңыз келсе, орта жағын ғана бояған дұрыс.

Шашты толығымен ретке келтіру керек. Ең алдымен майланған, кір шашпен суретке түспеуді ескеріңіз. Сонымен бірге басқа тым жабысып, жатып қалмауын және қатты шошайып тұрмауын қадағалаңыз. Шашқа жылтыр себуден аулақ болыңыз, ол суретте қайызғақ секілді көрінетін болады.

Киім таңдайық. Жақсы суретке түсу үшін киімнің де көп әсері барын естен шығармаңыз. Портреттік суретке мойны бар не алдындағы ойығы тым ашық кеудеше таңдамаған дұрыс. Егер қолыңыз сәл толық болса, оны жасыру үшін артқа қарай ұстап тұруға болады, қою түсті жеңі бар киімдер кисеңіз де аса білінбейді.

Бойыңыз толық көрінетін суретке түсер болсаңыз, балтырға дейін түсетін белдемше кимеңіз, аяғыңыздың әдемі көрініп тұрғаны жақсы. Тым қысқа бедемше, көйлектен де алыстаған абзал. Киімде майда бөліктер көп болмауын қараңыз, себебі ол сізді толық етіп көрсетеді.

Тым кең тұратын киім де суретте тартымды көрінбейді. Аяқ киімнің де өкшесі болғаны көрер көзге сүйкімдірек келеді.

Міне, суретке сәтті түсуге арналған қарапайым кеңестер.

Жалғасы бар...

@. @assel_assanova