Қысқы сән-2015: Барқыт киімдер

Қысқы сән-2015: Барқыт киімдер

Барқыт – бізге бірнеше ғасырдан бері таныс, киім тігуге арналған мата. Ол қарапайым образды түрлендіріп, кейде тіпті оны жағымсыз етіп көрсетуі мүмкін. Оны көбінесе жасы үлкен әйелдер киетіндіктен, көпшілік адамды кәрі етіп көрсетеді деп ойлайды. Барлығы киімнің қандай екеніне байланысты. Бірақ ол кез келген адамды толық етіп көрсетеді. Сондықтан киім тіккен кезде қошқыл түстер таңдалады.

1 кеңес

Барқыт киімдегі кез келген асыл тас, маржанды кесте, жай кесте, страз артық болып көрінеді. Үстіңіздегі киіміңізді керісінше арзан етіп көрсетеді. Оны жолбарыс, жылан, гүл, тор принтері бар киімдермен қатар киюге болмайды. Жарқын күлгін, сары, көк, жасыл түстер жағымсыз көрінеді. Егер үстіңізге киген барқыт киіміңіз көптің есінде қалсын десеңіз, ұзындығы орташа, қара көйлек киіп, жіңішке алқамен толықтырыңыз.

2 кеңес

Барқытты total look-тен сақтаныңыз. Адамзат тарихында бастан-аяқ барқыт киіп, көпшіліктің көзайымына айналған адам болған емес. Бұл барқыттан тігілген ұзын көйлектерге де қатысты. Өзіңізге жарасатын ұзындықтағы көйлекті таңдап, бүрме, желбіршек сындыларын алып тастаңыз.

3 кеңес

Көйлектен өзге барқыт пенжек сатып алуға болады. Мұндай пенжекті көп киіммен үйлестіріп кие аласыз. Барқыт пенжекті мақта матадан тігілген классикалық қара шалбармен, ақ жейдемен, твид белдемшемен, жібек кеудешемен, джинс шалбармен, футболкамен киюге болады. Джинс шалбардың денимнен болғаны жөн. Барқыт киімдерді басқа киімдермен үйлестру өте қиын әрі сапасы да нашар болады. Тез созылып, жуа берсеңіз, жыртылып кетуі де мүмкін.

4 кеңес

Бұрын-соңды киіп көрмеген жандарға «эксперимент жасауға асықпаңыз» деп айтқымыз келеді. Бастапқыда аксессуарларды көруге болады: шашқа арналған барқыт шеңбер, жасанды жаға, сөмке, клатч.

5 кеңес

Барқытты сатып алмас бұрын, оны қандай материалдан өндіргеніне мән беріңіз. Арзан барқыт жасанды жібектен, ал сапалы түрі мақта матадан жасалады. Екіншісі қымбат тұратыны анық. Алайда оны көп уақыт киесіз. Сатып ала салып киюге асықпаңыз, бүлінген жерлерінің бар-жоғына мән беріңіз. Оның түсі электрлі жылтырларсыз, біртекті болуы керек.

6 кеңес

Өзіңізге жарасатын барқытты таңдаңыз. Оның түсі қара болуы шарт емес. Аққұба қыздарға қоңыр, ақ, күлгін, жасыл, ал қара торы қыздарға барлығы, тіпті, қызыл, көк түстілері де жарасады. Биыл барқыттың қошқыл түстері сәнде.

Ал сіз барқыт киімдер киесіз бе?

Қ. Бүйенбай