Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Жаз 2012: белдемшелер

Жаз 2012: белдемшелер

Жаз 2012: белдемшелер

Жаз - белдемшелер мен көйлектер кезі. Сондықтан уақытты қалт жібермей, жаз маусымының ең сәнді белдемшелерімен танысып, оларды иеленуге асығыңыз.

Ассиметриялы етек
Әлі де сәннен шықпаған макси ұзындықты белдемшелердің жалғасы ретінде ассиметриялы етекті белдемшелер сәнге кіре бастады. Маталары да өзгеріске ұшырамады: жарқын түсті мөлдір шифон қазірде нағыз тренд.
Баска
Баска - белдемше не көйлекті әшекейлейтін белдемшенің қосымша қабаты. Қарындаш белдемшесіне ерекше жарасатын баска келбетіңізді бір сәтте салтанатты қылып, бәрі үйреніп қалған классикалық белдемшені ерекшелендіре алады. Басканың үлкендігіне байланысты денеңіздің кемшіліктерін жасыра аласыз.
Деним

Джинсы шалбарлары гардеробымыздың басты бөлігіне айналса, жазда оларды джинсы белдемшелерге ауыстырса болады. Айта кетсек, деним белдемшелері бұл маусымда ерекше сәнді. Тізеге дейін қысқа не ұзын белдемше таңдасаңыз болады.
Қарындаш белдемше

Жұмыс жасайтын іскер арулардың сүйікті киімдерінің бірі - қарындаш белдемше. Классикалық киімді өзгертудің қажеті жоқ болып көрінсе де, дизайнерлер жазға арнап бұл белдемшелерді де өзгеруге бел буды. Гүлдермен әшекейленген белдемшелерді енді кеңседен басқа жерде де көре аламыз.
Трапеция
Ұзындықтары тізені жауып тұратын трапеция пішінді белдемшелер қайта сәнге кірді. Бұл маусымда ең сәнділері бір түстілері болмақ. Осындай белдемше кең бөксені жасырып, белді ерекшелеп тұрады. 
Жолақ
Жазда ерекше танымалдыққа ие болатын тағы да бір тренд - жолақтар. Классикалық ақ-қара жолақтармен қатар, түстері мен өлшемдері түрлі жолақтар да сәнде. Жолақ пен иректер үйлесімі сияқты шешімдер ерекше көрінеді.
Жарқын түстер

Әрине, ақшыл, сары-қоңыр түсті белдемшелер нағыз жаздық тренд. Сонда да жарқын түсті бір белдемше сіздің гардеробыңызда артық болмайды. Бір түсті жарқын белдемше сіздің де, басқалардың да көңілін көтере алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: woman.ru
5928 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 шілде 2012, 14:40
Пікірлер
+0
20 шілде 2012, 13:39

Анадай белдемшелер баска деп аталады екен ғой...

+0
20 шілде 2012, 13:48

жарқын түстілер әдемі :)

+0
20 шілде 2012, 13:51

Дүкенге барып, белдемшелерді қарап жүріп сатушыға "Баска бар ма?" десең... хмм, "Басқа жоқ" десе... дееп па :lol: трапециялар ұнайды )))

+0
20 шілде 2012, 13:53

)))

+0
20 шілде 2012, 15:13

маған да жарқын түстер ұнайды

+0
20 шілде 2012, 15:14

Трапециялар да әдемі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...