Көктемгі сән: Кроссбоди – нағыз арулар сөмкесі

Көктемгі сән: Кроссбоди – нағыз арулар сөмкесі

Кроссбоди (crossbody)талғампаз һәм белсенді бикештерге арналған сөмке.

Себебі үлкен сөмкелер сәнге кіргеннен бері әйел заты оған әбден үйреніп алып, жарасатын-жараспайтынына да мән бермей, ұстап жүре беретінін көшеден көріп жүрміз.

Психологтар үлкен сөмкені көбінесе, ауыр тасығанға қиналмайтын, ешкімге салмақ салғысы келмейтін, міндетсімейтін, көнбіс, салмақты әйел затының ұстайтынын айтады.

Егер сіз үлкенді-кішілі, алуан түрлі сөмкелерді үнемі алмастырып ұстайтын болсаңыз, онда бұл типке жатпайсыз, сізсәнқой арусыз! Ал кроссбодиды аруларымыз өзін ханшайым секілді жеңіл, ерке, еркін сезінгісі келген кезде таңдайды.

Кроссбодиды қай кезде ұстаған жөн?

1. Күнделікті өмірде ыңғайлы. Кроссбодикеудеге қиғаш асылатындықтан, әсіресе жас сәбилері бар аналар үшін, заттарын әр жерде тастап кететін ұмытшақтар үшін, велосипед тебетіндер, машина жүргізушілер үшін, бір сөзбен айтқанда екі қолы бос болмайтын бикештер үшін өте қажетті бұйым. Оған ең қажетті деген заттарыңызды ғана салып аласыз да, қалаған жағыңызға аттанасыз. Мұндайда кез келген ыңғайлы аяқ киім іліп алсаңыз болады.

2. Той, мерекелік шаралар аксессуары. Уақытша ұзын бауын алып тастап, мейрамханаларға клатч есебінде де ұстауға болады. Тек арзанқол көрінетін түрін алмағаныңыз абзал. Аяқ киіміңіздің түсімен келетінін іздеп, әуре болмай-ақ қойыңыз, бұл қағида әлдеқашан сәннен қалған.

Бұл сөмкені "алмұрт", "банан", "құмсағат" пішінділер кеудесіне әшекейдің орнына жоғарырақ іле алады. Алайда киген киіміңізде түйме, алқа сияқты қосымша элементтердің болмағаны жөн. Ал "алма" пішінді аруымыз кроссбодиды бір иығына ұзынырақ қылып ілсе, денесін жіңішкертіп көрсетеді.

Сурет: fake-leather.com

Ұқсас жазбалар:

Көктемгі сән: "Жыртық" джинспен әсем де сәнді көрінудің жолдары

Көктемгі сән: 2015 жылдың жакеттері

Көктемгі сән: Спорттық аяқ киімдерді спорттық емес үлгіде кию

Өңіржиекті заманауи киіммен үйлестіруге бола ма?

Ф. Абилова