Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / 2015 жыл. Сәннен шыққан киімдер

2015 жыл. Сәннен шыққан киімдер

2015 жыл. Сәннен шыққан киімдер

Құрметті арулар, егер сіздер сән әлеміндегі барлық өзгерісті құр жібермей, соңғы сән үлгілерімен ғана киініп, әсемденетін болсаңыз, бүгін сіздерге осы жылы сәннен шығып үлгерген бірнеше киім-кешек түрлері жайлы айтпақпыз.

Шашқа тағатын гүлді шеңберлер

Өткен жылғы сән әлемінде дәурені жүрген шаштағы үлкен гүлдері бар шеңберлер биылғы жылдың сәнінен шығып та үлгерді. Ал егер сіз шашыңызға осындай гүлді әшекей тағып жүргенді ұнатсаңыз, майда гүлдерді таңдаңыз. Тек үлкен шеңберлермен енді ешкімді таң қалдырмайсыз. Биылғы сән әлемі  жібек жиектерден өрілген шеңберлерді таңдап отыр. Тәж тәрізді құнды тастары бар шеңберлер де сәннен алыстай қойған жоқ.

Бұдырлы аяқ киімдер мен сөмкелер

2015 жылы сөмкелердегі, аяқ киімдердегі, күртелер мен кеудешелердегі темір бұдырлармен қоштасамыз. Мойындайық, мұндай аксессуарлар бізге көп жыл бойы сән сыйлап келді. Енді киімдеріңіз бен сөмкелеріңізді басқа аксессуарлармен сәндеңіз.

Өте қысқа шортылар

Биылғы сән әлемінің ең ерекше жаңалығы – өте қысқа шортылардың сәннен алынып тасталуы. Әсіресе, орта ғасырдағылардың іш киімінен аумайтын қатты қысқа шортылар. Шорты кигенді ұнататын сәнқой аруларымыз енді өз аяқтарын ерлердің стиліндегі шортылармен көрсететін болады.

Жыртық джинсы

Жалпы, жыртық және ақ-ала джинсылар сәннен қалғалы қашан. Биыл классикалық үлгідегі джинсылар мен сұр, көк және қара түсті скинни шалбарлар сәнде.

Афгани үлгідегі шалбарлар

«Зуава», «гарем» үлгілеріндегі шалбарлармен қоштасатын да күн келген екен.

Ассиметриялық белдемше

Алды тізеге дейін, ал артқы жағы жерге дейін жететін белдемшелер мен көйлектер де ескі жылдың еншісінде қалмақ.

Бүрмеленген белдемше

Мұндай ыңғайлы, әрі сәнді белдемше өткен жылы көп аруларымыздың махаббатына ие болған еді. Биылғы сәннен шықса да, мұндай белдемшелерді ресми емес орталар мен кешкі жиын-тойлардан өзге жерлерде киюге болады.

Kenzo свитшоты

Алдында жолбарыстың бейнесі салынған бұл свитшоттар тез арада сәнге айналып, студенттер мен жастардың ғана емес, Голливуд жұлдыздарының үстінен де табыла кетті. Жыртқыш аңның бейнесі қалай тез сәнге айналса, дәл солай сәннен де тез шығып барады. Биыл гүлді свитшоттар сәнге енбек.

Сурет: crystalline.in.ua

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 30 наурыз 2015, 20:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->