- Негізгі бет
- Сән
- Жігіттерге бикештердің қандай...
Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?
Бойжеткендердің көбі бұл туралы ойланбаған да шығар.
Дегенмен ер-азаматтардың пікірімен санаспауға болмайды. Сондықтан, киімдеріңізді үйдегі аға-інілеріңізге көрсетіп алғаныңыз артық емес.
Қандай киімдер ұнамайды?
1. Созылып кеткен жемпір. Кейбір аруларымыз, әсіресе, кинестетиктер қалың, үлкен жемпірлерге әбден бауыр басып алып, жыртылып, түсіп қалғанша тастамай жүре береді. Егер өзіңізді осыншама сыйламайтын болсаңыз, өзгелерден қандай құрмет күтуге болады?
Биылғы трендтегі жүннен тоқылған свитерлерді және мақта матасынан тігілген кофталарды алуыңызға болады. Немесе сәннен түспей келе жатқан әдіс - киімдерді қабаттап киюді қолдануыңызға болады.
2. Угги етік. Бұл етік аяқты тоңдырмайды, өте жылы, ыңғайлы. Алайда өзінің пішімімен жігіттерді үркітуі мүмкін. Мұндай етікті жас қыздар кеудесінде банты бар блузалармен, әртүрлі белдемшелермен киіп, уггидің дөрекілігін бүркемелеп жіберулеріне болады.
Немесе аяғыңыз үнемі мұздап жүретін болса, қалың сырылған не баулары бар «айкезбе» етік киіңіз.
3. Қанық қызғылт түстегі көйлек, белдемшелер. Балалық шағымен әлі қоштаса алмай жүрген кейбір жаны нәзік қыздарымыз (әсіресе, меланхоликтер) қанық қызғылт түстегі көйлек, белдемшелерге құмар-ақ. Бірақ, кез келген азамат ақыл тоқтатқан қатарласымен шаңырақ құруды жөн көреді. Сондықтан, бұдан былай сіздің бет-жүзіңізге қандай түстер сәйкес келетініне көңіл бөліп, гардеробыңызды жаңартқаныңыз абзал секілді.
Сурет: ©Роман Ахметов
Оқи отырыңыз:
Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?
Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды? #2
Сын неліктен намысымызға тиеді?
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Ф. Абилова