Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Костюмді қалай таңдаймыз?

Костюмді қалай таңдаймыз?

Костюмді қалай таңдаймыз?

Кез келген бойжеткеннің гардеробында костюм болуы шарт. Жақсы костюм қымбат келеді, алайда оны «табыстың кілті» деп санап, іздеп, жақсысын тауып, қаражатыңызға қарай алған жөн. Материалына да мән беріңіз. 100% синтетикадан жасалған костюмнен аулақ болыңыз. Асылы жұқа жүннен тоқылған, сапалы, қазіргі сәндегі костюм таңдағаныңыз жөн. Себебі, сапасы жоғары матадан тігілген киім сізге ұзағынан қызмет етеді.

Егер костюмді тіктіртуді шешсеңіз, жақсы мата сатып алып, «үштікке» тапсырыс беріңіз. Орташа ұзындықтағы қынама бел пенжак, орташа ұзындықтағы белдемше мен тік шалбар тіктірткеніңіз жөн. Бұл киімдер классикалық үлгіге жатады және еш уақытта сәннен шықпайды. Оны маңызды, іскерлік кездесулерге де, кешкі жиынға да кие аласыз.

Қара түсті костюм күндізгі де, кешкі уақытта да үйлесімді саналады. Алайда егер сіз қара түсті киімді ұнатпасаңыз, көк, сұр немесе қоңыр түсті костюм алуыңызға болады.

Ертеректе әйел затына шалбар кию тұрпайы нәрсе еді. Бүгінде бұл сән элементін кез келген адам кие алады.

Жақсы таңдалған шалбар кез келген қыз балаға жарасымды. Іскерлік образ нәзік жанды байсалды, салмақты етіп көрсететіні сөзсіз. Алайда костюм адамды тек қатал етіп көрсетеді деген қағида дұрыс емес. Бұл образ сізді нәзік, тартымды етіп те көрсете алады. Бұл сіздің қандай шалбар таңдайтыңызға байланысты.

Сонымен қатар классикалық шалбар мен биік өкшелі аяқ киім кию бойыңызды ұзартып, денеңізді сұңғақ, сымбатты етеді.

Белдемшенің ұзындығы сәннің талабына емес, сіздің дене пішініңізге, аяғыңыздың ұзындығына байланысты. Белдемшенің классикалық ұзындығы – тізеге дейін.

Жалпы, белдемше мен пенжак кез келген қыз-келіншек үшін ұтымды үлгі.

Сурет: katyaburg.ru

Оқи отырыңыз:

Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?

Бойжеткенге арналған кеңестер

Адамдар сізді бағалауда қай жерге қарайды?

Дайындаған: Фариза Абилова
Қосылған күні: 05 қаңтар 2015, 18:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.