Қолғапты қалай сәндеуге болады?

Қолғапты қалай сәндеуге болады?

Қыздарға арналған қолғап түрлерімен танысып өткен едік. Қолғапты өз қалауыңызша сәндеуге де болады екен. Ол үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Қайшы, ине-жіп, үйде жатқан кез келген моншақты алып, қолғабыңызды қалауыңызша сәндей аласыз. Біз бүгін қолғап сәндеудің бірнеше үлгісін ұсынып отырмыз. Ол үшін алда келе жатқан қыстың ақ қары түстес моншақты таңдадық. 

Моншақты сырманың жанына тігуге болады. Әр моншақты жеке-жеке қолғаптың ішінен тігу керек.
Моншақты бір қабаттап іліп қоюға да болады. 
Моншағыңыз көп болса, оны екі қабаттап іліңіз. Моншақтың ұшын қолғапқа берік етіп қадаңыз.
Немесе мынадай етіп моншақты қолғаптың әр жеріне шашып тастасаңыз болады.
Болмаса, моншақты қолғаптың сырмасына іліп тағыңыз. Сізге қайсысы ұнады? Сіз өз қолғабыңызды қалай сәндер едіңіз?

Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова 

М. Оңғарова