Әлемдегі ең қымбат 8 қолсағат

Әлемдегі ең қымбат 8 қолсағат

Қарапайым қолсағаттардың бағасына қарап бас шайқайтыныңыз белгілі. Әйтсе де, кей үлгілер үшін «алты таңбалы баға» таңқаларлық жағдай емес. Бүгінгі мақаламыз да сол «алты таңбалы бағаларды» құраған құнды сағаттар жайында болмақ. Темірдей төзімділігімен, жаңаша дизайнымен, ерекше әсемділігімен көз тартатын әлемнің ең қымбат 8 қолсағаты сіздердің назарларыңызда.

1. Hublot Classic Fusion Haute Joaillerie «небары» бір миллион АҚШ доллары тұрады. 1185 бедерлі алмаспен қапталған қолсағатты оңайға соқпағаны анық. Себебі, 15 адамнан құралған команда өнімді  құрастыру үшін 1800 сағат уақытты алса, тексеру мен сапа бақылауына 200 сағат уақыт  жұмсаған. Бұл – Hublot өнімдері арасындағы ең қымбат қолсағат.

2. Roger Dubuis Excalibur Quatuor өнімі жарыққа шыға салысымен бір миллион АҚШ долларына бағаланды. Өйткені, бұл –  кремний металынан жасалған алғашқы қолсағат. Айта кетерлік жағдай, кремний титаннан екі есе жеңіл болғанымен, төрт есе берік. Осы ерекшелігіне орай, бүгінгі таңда, Quatuor – Roger Dubuis брендінің ең қымбат өніміне айналды. Бұйым шиыршықты теңгерім түйіншегімен және RD 101 механизмімен жасақталған. Трубийонмен жұмыс жасайтын сағаттармен салыстырғанда, қос қызметті қатар атқаратын 4 теңгерімді механизм уақыт дәлдігіне әлдеқайда жүйріктеу. Сол себепті, Roger Dubuis Excalibur Quatuor сағаты бір миллион швейцар франкі (немесе 1 125 000 АҚШ доллары) татитындығын дәлелдеді.

3. Jaeger-Le Coultre Hybris Mechanica à Grande Sonnerie 1 474 070 АҚШ долларымен сатылымға шығарылды. Сағат 1300 бөлшектен тұрады және ол Вестминстер Аббаттығының әуенін шырқата алатын ерекше қасиетке ие. Бұл үлгі Hybris Mechanica 55 топтамалар жүйесінің бөлігі ретінде 2009 жылы жарық көрді. 55 саны – Hybris Mechanica трилогиясының барлық үш түрінің қосындысының жиынтығы.

4. Vacheron Constantin TourdeI’Ile брендінің 250 жылдығына арнап шектеулі топтамамен шығарылған (7 дана) қолсағаты 1 538 160 АҚШ долларына бағалады. Аталған үлгінің бір ерекшелігі, қалаған қызметке қолайлы орналастыру үшін цифрлы қос беті бар. Мұнда уақыт белдеуін, шексіз күнтізбе, керек десеңіз, күннің бату уақытын да көре аласыз. Vacheron Constantin TourdeI’Ile сағаты – бір миллион АҚШ долларынан асатын қолсағаттар тізімінің ішіндегі ең қиын механизмге ие.

5. Greubel Forsey Art Piece 1 2013 жылы SIHH қымбат сағаттар көрмесінде жарияланған. Өзге сағаттарға ұқсамайтын өзіндік өрілімінің арқасында қымбат сағаттар тұғырына тез көтерілді. Бағасы 1,5 миллион швейцар франкін немесе шамамен 1,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Үлгі көлбеу турбийонмен жасақталып, қорғаныш перде тәрізді бұрамалы тетікпен қапталған. Сағаттың сәнді дизайны атақты мүсін шебері Виллард Виганмен бірлесе жасалған. 

6.The Richard Mille RM 56-01 атты сапфирден жасалған корпусты сағат небары 1 850 000 АҚШ долларына бағаланған. Олай деуімізге Richard Mille бренді үшін мұндай бағаның сирек кездесетіндігі себеп болып отыр. Бірақ, бұл бренд өнімдерінің баға көрсеткішінен алты таңбалы саннан төмен баға көру өте сирек кездесетін жағдай.

7. Richard MilleTourbillon  RM 56-02 Sapphire. Қазір ғана тілге тиек еткен The Richard Mille RM 56-01 сағаты 2013 SIHH көрмесінде ерекше ықыласқа ие болған. Сондықтан, бренд қызметкерлері мөлдір корпусты үкпе сапфирден жасалған жаңа үлгінің бағасын 2014 жылғы көрмеде өсіруге шешім қабылдаған. Нәтижесінде, бұл сағаттың құны 2 миллион АҚШ долларынан асып түсті, анығырақ айтсақ, 2 020 000 АҚШ долларын құрайды.


8. A. Lange & Söhne атты неміс маркасы әлемдегі ең қымбат қолсағаттар тізімін қорытындылайды. A. Lange & Söhne Grand Complication атты ең үздік сағат туындысы 1, 920 000 еуро немесе АҚШ долларына есептеу бағамымен – 2 497 000. Механизм үлкен және кіші минуттық репетир, сплит-секундтық хронограф пен минуттық есептегіш және қайталанатын секундтық, сонымен қатар, шексіз күнтізбе және Ай фазасымен ерекшеленеді.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы

Сурет: mixstuff.ru

Е. Жұмабайұлы