Кристиан Диор – соғыс киімдерін романтикалық стильмен алмастырушы

Кристиан Диор – соғыс киімдерін романтикалық стильмен алмастырушы

Кристиан Диор 1905 жылы Монтекатиниде дүниеге келеді. Балалық шағы ешбір уайым-қайғысыз Париж бен Нормандияда өтеді. Кішкентай кезінде музыка және өнермен шұғылданады. Кристианның бойында мінсіз талант бар. Сауық кештерінің бірінде өзін костюмер ретінде таныстырады.

Кристианды ата-анасы саяси ғылымдарды оқысын деген ниетпен институтқа оқуға жібереді. Әскерде Отан алдындағы борышын өтеп келген соң досымен бірге картиналар галереясында жұмыс істейді.

 

1931 жылы Кристианның анасы оба ауруынан қайтыс болады. Ал әкесі алаяқтардың алдауына түсіп, банкротқа ұшырайды. Артынша туберкулезбен ауырады. Өміріндегі ең ауыр күндерді Кристиан асқан батылдықпен өткереді. Достары суретшілік қабілетін пайдаланып, картиналарын сатуға үгіттейді. Ол «Фигаро» басылымына арналған ең үздік шляпа мен көйлектер эскизін жасайды.

1938 жылдың өзінде Кристиан Роберт Пигеде модельер болып жұмыс жасайды.

 

Соғыстың алғашқы жылдарында Берриде болады. Демобилизациядан кейін Кристиан әкесіне оралып, ауыл шаруашылығымен айналысады.

1941 жылы Парижге қайтып оралғанымен, Пигенің жанындағы орнын қайтарып ала алмайды. Ол Пьер Бальмен жұмыс істеп жүрген Люсьен Лелонға барады. Дәл осы кезеңде Кристиан төменгі бөлігі тарылып келетін, қатпарлы белдемшені ойлап табады.

1945 жылы Парижге соғыстан кейінгі формаларды алмастыратын романтизм стиліндегі киімдерді ойлап табатын ең үздік модельерлер қайтып оралады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru

Қ. Бүйенбай