Сәтті шопинг жасаудың 10 ережесі

Сәтті шопинг жасаудың 10 ережесі

Ел арасында нормкор жақтаушылары біршама көп болғанымен, сәнді және талғаммен киінгісі келетіндердің саны ешқашан азайған емес. Шопинг қалтаңызға салмақ түсірмей, алған киімдеріңіз ұзақ қызмет етсін десеңіз, мына 10 ережені білгеніңіз жөн.

1. Сәнді коллабрацияларды бақылауда ұстаңыз. Танымал H&M брендінің бастауымен көптеген компаниялар «люкс» дәрежесінің өкілдерімен біріккен топтамалар жасай бастады. Масс-маркет өкілдері үшін мұндай жоба – жарнама мен өзіңе назар аудартудың тамаша мүмкіндігі, ал брендтер осылай бұқаралық сән мен оның тұтынушыларына деген адалдығын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бәрі ұтады. Және, ең бірінші кезекте – люкс класындағы танымал брендтің фирмалық дизайнмен ерекше киімін сатып ала алатын қарапайым сатып алушылар.

2. Жаппай сатылымды елемей қоймаңыз. Жеңілдіктер қашан, қайда басталатынын біле жүріңіз. Әртүрлі дүкендердің интернет-хабарлама және смс-хабарламаларына жазылып алыңыз. Үйіліп жатқан жұпыны киімдерді ақтарудан қорықпаңыз, өйткені кеше ғана олар залда киім ілгіште ілініп тұрған.

3. Басымдық беріп үйреніңіз. Құны арзан болған соң кез келген киімді сатып ала салмай, нақты қажет киімді сатып алыңыз. Әр маусым сайын гардеробыңызда ревизия жасап, нақты қажет заттардың тізімін жасаңыз. Нақты тізім жасап алсаңыз, сіз тағы бір түсі ұнаған кофта алмай, қажетті бұйымыңызды аласыз.

4. Екпінді артық декор мен маусымдық принтсіз жинақы үлгілерге қойыңыз. Неғұрлым киім әмбебеп болған сайын, қолдану аясы да кеңейеді.

5. Өзіндік негізгі гардеробты құрып, әр маусым сайын қолда бар негізді толықтыру үшін сол маусымда сәнді бірнеше киімді ғана сатып алыңыз.

6. Сізге 100% жарасатын «өз» киімдеріңізді анықтаңыз. Мысалы, сізге футляр көйлектер жарасады. Сол үлгідегі көйлектің түр-түрін алып қойыңыз. Топтамаңызды жаппай сатылым кезінде немесе саяхаттағанда толықтырып отырыңыз. Осылайша, сіздің түрлі жағдайларға киер киіміңіз дайын тұрады және шұғыл мерекелік шараларға не киемін деп бас қатырмайсыз.

7. Киімдері сізге әрдайым мінсіз жарасатын киім маркаларының тізімін жасаңыз. Киімдеріңіздің 70%-ын содан сатып алуға тырысыңыз. Осылайша өзіңізді сәтсіз сауда-саттықтан қорғайсыз.

8. Қазіргі уақытта дәл келмейтін киімдерді сатып алмаңыз. Кейбірі арықтауға стимул болады деп 1-2 өлшемге кіші киімдерді сатып алып жатады. Бірақ ол күн тым алыс болып кетуі неғайбыл? Сонымен қатар, қосымша қысқарту, ұзарту және т.б. жұмыстарды талап ететін киімдерді де сатып алмаңыз. Тек таныс киім тігушіңіз бар болса ғана, тәуекелге барсаңыз болады.

9. Шопингке бюджетті есептегенде киім, аяқ-киім мен аксессуарларға шығыныңызды оңтайландырыңыз. Сырт киім, сөмке және негізгі аяқ киімдерге бюджетіңіздің 60%-ын жұмсап, жақсы брендтерден сатып алыңыз. Қалғандарын қол жетімді дүкендерден сатып алыңыз. Қазақстанда ақшаның көбін маусымдық және жылы киімдерге жұмсаған жөн, ал жазғы киімдерді арзанырақ алуға болады. Мысалы, жазғы жақсы бір қайықша-туфли алып, ал эспадрильи, сандалий және қарапайым вьетнамкаларды арзанға алуға болады.

10. Mix&match әдісін қолданыңыз: гардеробыңызды қымбат киімдермен араластырыңыз. Бұл қалай жұмыс істейді? Бейнеңізді қалыптастыруда кез келген брендтің киімін пайдаланыңыз, бірақ біреуі танымал брендтің қымбат киімі болу керек. Егер таңдау қиынға соқса, онда мына киімдердің бағалысын алып қойыңыз: жақсы пішілген маусымдық пальто, сізге жақсы жарасатын шалбар, принтті қарындаш-белдемше, жұқа кашемирден жасалған ұзын кардиган, сәнді қайықша-туфли, ірі алқа.

Сурет: www.mart.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK