Миранда Керрдің стилі туралы

Миранда Керрдің стилі туралы

Victoria’s Secrets компаниясында жұмыс істейтін Аустралияның атақты сәнбикесі Миранда Керрдің талғамы көпшіліктің көңілінен шығады. Ол - тек сәнбике ғана емес, сүйікті жар, аяулы ана. Барлығына үлгеріп жүрген сұлудың стилін талдап көрейік.

Жұлдызды образ




Көпшіліктің алдына көйлекпен, белдемшемен шығуды жөн көретін жұлдыз әрдайым бойжеткенге тән нәзіктікті сақтауды ұмытпайды. Миранданың мүсіні мінсіз болғандықтан кез келген пішіндегі киімдерді кие алады.

Cәнбике күнделікті өмірде «аралас» стильдегі киім кигенмен, қызыл кілем үшін классикалық немесе қытайлық стильді таңдайды.

Миранданың көше стилі



Жоғарыда айтқанымыздай Миранда бір-біріне мүлде сай келмейтін киімдерді таңдап, оларды өзара үйлестіреді. Оның стилін бақылау арқылы сүйікті заттары бар екенін көруге болады.

1. Жарқын түсті шалбар мен бір түсті кеудеше. Осы үйлесімнің арқасында жұлдыз тотықұс секілді көрініске ие болудан сақтанады.

2. Ұзындығы еденге дейін жететін көйлек киген кезде көлемді әшекей тақпайды. Мұнымен қатар аяқ киімді ешбір жылтырсыз таңдайды.

3. Жіңішке джинс шалбар мен легинстің жоғарғы жағына жеңі қысқа кеудеше киеді.

4. Образға жеңілдік беру үшін шоппен сөмке таңдайды.

5. Қызыл түсті туфли мен жай табан аяқ киім кигенді ұнатады.

6. Жолбарыс принтті киімдер. Сәнбикенің жолбарыс принті бар сөмкесі, балетка аяқ киімі, көзілдірігі, кеудешесі мен шалбарлары бар.

7. Классикалық образбен үйлестіре білетін таза былғары заттар. Жұлдыз былғары киім кисе де, бойжеткенге тән нәзік қалпын жоғалтпауға тырысады.

8. Ал аксессуар ретінде сөмкені ғана таңдайды. Оның қолынан көлемді білезіктерді байқау мүмкін емес...

Миранда Керрдің 2013 жылғы стилі

Сол баяғы жіңішке джинс шалбар, сөмке, шоппер мен көзілдірік, жаздық кеудешелер мен пиджактар. Мұнымен қатар 2013 жылы ғана сәнге енген шляпалар.

Миранда Керрдің шаш үлгісі


Сәнбике шаш үлгісінің түрлі болғанын қалайды. Бұл бұйраланған, жайылған, буылған шаш болуы мүмкін.

Миранда Керрдің макияжы


Сәнбикенің күлкісі сүйкімді, көзі ботадай болғандықтан, табиғи макияжды қалайды. Атақты жұлдыздың негізгі құпиясы макияжы мен шаш үлгісіне байланысты. Ал кешкі кездесулер үшін smoky-eyes макияжын жағады.

Сәнбике ерекше талғамының арқасында әрдайым нәзік әрі кербез көрінеді. Оның бұзақылық жасап жүргенін де байқау мүмкін емес. 

Ал сізге Миранда Керрдің стилі ұнай ма?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: malinsa.ru

Қ. Бүйенбай