2014 жылы жазда сәнде болатын түстер

2014 жылы жазда сәнде болатын түстер

2014 жылдың көктем-жаз маусымдарында сәнде болатын түстер әлдеқашан анықталып қойған. Сіз бұл жаңалықты естідіңіз, бәлкім естімедіңіз, дегенмен гардеробыңызды толықтырмаған болсаңыз, біздің топтама көмектесе алады деп ойлаймыз.

Ыстық маусымның кілтті трендтерінің бірі – карамельді түс. Карамельдің жұмсақ түстері: кремді, ашық-алқызыл, қызыл, шабдалы, банан түстерді жүрексінбестен таңдаңыз. Және басқа да осы секілді ашық түстермен де үйлестіріп кие аласыз.

Қызғылт сары түс гардеробымызға ғана еніп қоймай, барлық аксессуарларды шарпып өтті. Көйлек, аяқ киім, сөмке, көзілдірік, белдік – бәрінде апельсин түсі көрінеді. Басқа жағдайда осы түс сүйіктілеріңіздің қатарында болса, биыл сіздің жолыңыз болды.

Дәстүрге сай, ақ пен қара сынды классикалық түстер ешқашан сәннен қалмай келеді. 2014 жылдың жаз маусымында да солай. Ақ түс – жазда билік құрмақ. Ең көп танымалдылыққа шілтерлі көйлектер ие болады.

Фуксия – сарғыш, ақ сынды танымал болатын тағы бір түс. Бұл қатарға эмоция мен құмарлықтың нышаны болған күлгін түсті де жатқызуға болады.

Жо-жоқ, біз ұмытқан жоқпыз! Дәстүрлі қарасыз қалай болмақ? Әртүрлілікті қалайсыз ба? Сәнді дизайнерлер ақ пен қараны қиыстыруға кеңес береді. Нәтижесінде өте қызық үйлесім шығады.

Сары түс қызғылт сары түспен бірге жүреді. Қызғылт сары сәнге енсе, сары да ілеседі. 2014 жылдың жазында боз-сарыдан бастап ашық-лимон түстілер жоғары бағаға ие болады.

Күңгірт-қызылдан бастап, алқызыл түстер трендке енді. Аксессуар ретінде нені таңдасаңыз да, қызыл түс ерекше әсемдік береді.

2014 жылдың сәнді түстері әлі бітпеді. Көк түсіміз  қалып қойды. Электрлік көк, қара көк, зеңгір, көгілдір ақық, жасыл ақ түстер – алдағы маусымның «қаһармандары» болмақ.

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет: podiumx.net