"Орал Аруы-2013" анықталды

"Орал Аруы-2013" анықталды

Махаббат Такишева "Орал Аруы-2013" атанып, "Қазақстан аруы" байқауында өз қаласының намысын қорғайтын болды. 

22 жастағы ару заңгер мамандығы бойынша Еңбек және қоғамдық қатынастар академиясында білім алған. Қазір Еуразиялық банкте жұмысын бастаған ару спорт саласында да жетістіктері баршылық. Махаббат – 2010 жылы дзюдо бойынша Қазақстан біріншілігінің чемпионы. Сұлулық сайыс барысында ол спорттық дағдыларын көпшілікке көрсетті.

"Орал Аруы-2013" Махаббат Такишева

"Орал Аруы-2013" сайыс аяқтала сала Махаббат Алматыға жол тартты. Бұл жерде 5 желтоқсан күні өтетін "Қазақстан Аруы-2013" сайысына дайындық басталып кетті.

"I-вице-мисс Уральск-2013" Светлана Милюкова атанса, "II-вице-мисс Уральск-2013" мен "Мисс модель" атақтарына Әсел Абдулова қол жеткізді, "III-вице-мисс" мен "Мисс пресса" жас студент Сәуле Әдільбаева болды.

 Светлана Милюкова, Әсел Абдулова, Сәуле Әділбаева мен Мөлдір Сағынай

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: uralskweek.kz

С. А