Колготкілер –  күздік гардеробтың басты бұйымы

Колготкілер – күздік гардеробтың басты бұйымы

Колготкілер – күн суи бастағанда қыздарды жылытатын, күзде өте қажет гардероб бұйымы. Дизайнерлер баяғыдан бері үйреншікті қара колготкілерге балама ретінде түрлі түсті, суреті, өрнегі бар түрлерін ұсынып, оларды нағыз трендке айналдырды. Сіз де осы мезгілде ең қажетті бұйым –  колготкі көмегімен ерекше бейнелер құрастырыңыз.

Біріншіден, колготкілер аяқ пен ішті тартып, арық қылып көрсете алатындығы пайдалы. Алайда керісінше жағдай да болуы мүмкін. Сондықтан колготкі таңдау мәселесіне дайын болыңыз.

  • Толық аяқты аруларға 40 ден (ден – колготкі қалыңдығын көрсететін шама) және осы шамадан артық көрсеткішті колготкі киген жөн. 
  • Өрнектелген колготкілер қазірде нағыз тренд. Тігінен салынған өрнек, мысалға "зигзаг" аяқты ұзын, ал басқа өрнектер (көлденең жолақ, тор) аяғыңызды қысқа қылып көрсетеді.
  • Қатты жылтырайтын люрекс, лайкра колготкілерін тек мінсіз фигуралы арулар кие алады. Ол дененің кемшіліктерін көрсетіп тұрады.
  • Қыздардың көбі іш пен аяқтағы артық салмақты тек өте қалың (100 ден) колготкілер тарта алады деп ойлайды. Бірақ қазірде тігін технологиялары жұп-жұқа колготкі түрлеріне қажет жерлерді тартып тұруға мүмкіндік береді.
  • Қысқа белдемшелер мен көйлектермен жұқа түссіз колготкі тым ашық көрінеді. Белдемше қысқа болған сайын онымен қалың колготкі киген дұрыс. 

Түссіз жұқа колготкілер аяқтың майда кемшіліктерін жасырып, оларды визуалды түрде ұзартады. Мұндай колготкі сіздің дене түсіңізге сай болғаны дұрыс. Олар мысалға қолдың түсінен қатты айрмашылығы болмағаны жөн. Түссіз колготкілер жұқа әрі жылтырсыз болуы шарт.

Дәстүрлі қара колготкі суық кезде таптырмас бұйым. Ол көйлек, белдемше, шортының түр-түрімен жараса береді. Қара колготкі тек тым ашық түсті (мысалға ақ) киім мен аяқ киіммен жараспайды.

Артында тігісі бар колготкі өте тартымды көрінеді, алайда олар тек биік өкшелі аяқ киім киген мінсіз фигура иелеріне жарасады.

tights

Торлы колготкімен абай болу керек, оны орынсыз киіп, тым ашық киінетін қыз деген атақ алуыңыз мүмкін. Мұндай колготкі түрін барынша жабық қара аяқ киіммен кию керек. Әрине киіміңіз де барынша қарапайым болғаны дұрыс.

Қара колготкіден шаршағандарға түрлі түстілерін ұсынып көрелік. Әрине түрлі түсті колготкі киюдің де ережелері бар. Ол күңгірт, қара түстеріндегі бейненің ең жарқын бөлігі бола алады, немесе бейнеңіздегі басты түске кереғар түс ретінде таңдауға болады.

Колготкінің түсін таңдаудың ең оңай жолдарының бірі оны киіміңіздің "астына" (белдемше, шалбар) сәйкес алу. Бұл айла сонымен қатар аяқты ұзындатып көрсетеді.

Тағы да бір сәнді шешім колготкі мен бейнеңіздегі қандай да бір аксессуар түсіне сай таңдау. Сөмке, орамал, қолғап түсіне сай колготкі сізді бірден сәнқой қыздардың қатарына қосады. 

grey

Сұр түсті колготкі кез келген бейнеге жараса алады. Ол күнделікті қарапайым бейнелермен де, жарқын түсті ерекше батыл киіммен де жарасады, оған қоса бейнені жұмсартады.

Суреті бар колготкілерды таңдауда абай болу керек. Оның түсін де, суретін де әр бейнеге бөлек, мұқият таңдау керек.

Тақырып бойынша:

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: look.tm

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа-райы жаһандық жылынуға қарағанда екі есе тез жылып келеді
Қазақстанда ауа-райы жаһандық жылынуға қарағанда екі есе тез жылып келеді
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер