Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / KFW көктем-жаз 2014: 1-күн

KFW көктем-жаз 2014: 1-күн

KFW көктем-жаз 2014: 1-күн

Қазақстандық сән апталығының кезекті саны кеше Алматыда басталды. 2014 жылдың көктем-жаз маусымы топтамаларын отандық дизайнерлермен бірге шет елдік сән үйлері де көрсетті.

Үш күнге жалғасатын сән мерекесінің бірінші күнінде қазақстандық Atelier Artisan, Ainur Turisbek, Mechanical Piano, Aida Kaumenova, грузиялық Keti Chkhikvadze, ресейлік Nina Ruchkina, неміс бренді Sweet Dream, Грециядан келген Vrettos Vrettakos мен беларусьтік Fashion Centre сән үйлері подиумға шықты.

Айнұр Тұрысбектің жаңа топтамасы толықтай табиғат тақырыбында орындалған. Киім мен аксессуарларда көк, жасыл, қоңыр түстері басым. Көрсетілімге өз киімін киіп шыққан Айнұрдың өзі ерекше сымбатты болды.

Грузиялық қонақ Кети Чкхиквадзе Kazakhstan fashion week сән апталығының тұрақты қонағына айналды. Бұл жолы ол өзінің сүйікті қара түсінен басқа подиумға жарқын қызыл, жасыл түстерін киген аруларды шығарды. Ал дәстүрлі қара түсті бейнелерді ол өкшесі жоқ аяқ киіммен үйлестірді. 

Mechanical Piano келер көктем мен жазға қыздарға жартылай мөлдір күңгірт түсті жейделер, түрлі түсті және түрліше пішілген көйлектер ұсынды. Бір көйлекте бірнеше матаны үйлестіру де осы сән үйінің киімдерінен көрінді.

Көрермендер әр кез жаңа, шет елдік дизайнерлердің топтамаларын асыға күтеді. Осы жолы ресейлік дизайнер Нина Ручкина Kazakhstan Fashion Week сән апталығында нағыз поэтикалық көрсетілім жасады. Керемет киімдер киген қыздар подиумға шыққан кезде үйреншікті музыка емес, Нинаның өзі жазған өлең шұмақтары оқылды. Топтама қолдан тігіліп, тастармен әшекейленген көйлектерден тұрды, ал өрнектер мен принттер екатеринбургтық танымал суретші Михаил Шаевича-Брусиловскийдің суреттерінен алынған екен. Көп қырлы дизайнер көрсетілімі де, өлеңдері де жиналғандардың көңілінен шықты.

Кештің екінші бөлімін қазақстандық танымал дизайнер Аида Қауменова ашты. Жылдың жылы маусымында дизайнер бізге жарқын сары, қызыл, жасыл түсті киімдер киуге шақырады. Аиданың топтамасы көрермендерге өте ұнады.

Неміс бренді Sweet Dream өзінің жаңа топтамасын KFW сән апталығында алғаш көрсетті. Топтамада жұқа маталар мен шілтірдің үйлесімі байқалды. Бұл әйел затының екі жақты бола алатындығына меңзеп тұрған сияқты. Айта кетсек, 2014 жылдың қаңтарында Sweet Dream бренді Париждегі сән апталығына қатысады. Бұл сән үйдің жоғары беделін көрсетеді. 

Беларусьтен келген Fashion Centre бренді Қазақстан сән апталығына алғаш қатысып отыр. Олар ресми, кеңселік киімдермен қатар күнделікті киюге болатын casual стильдегі киімдер ұсынды.

Қазақстанда алғаш рет подиумға шығып отырған тағы да бір қонақ Vrettos Vrettakos грециялық сән үйі. Бұл топтаманың киімі түгелімен жылтыр маталардан тігілді. Айта кетсек, танымал әнші Бейонс осы сән үйінің дизайнерімен жұмыс жасайды.

Сән апталығының келесі күнінде подиумға Aigul’ Kassymova, Malique, LaRiya, Di Entre Si, Aya Bapani, Yerlan Zholdasbek, шақырылған қонақтар Tiiu Roosma – Bon Bon Lingerie бренді (Эстония) және Akananita (Грузия) қатысады.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 14:09
Пікірлер
+0
25 қазан 2013, 14:45

Нина Ручкина мен Айда Кауменованікі ең әдемілері сияқты. Mechanical Piano топтамасы жылда ерекше киімдер әкеліп, модельдерді мүлдем басқаша етіп жүргізуші еді бұл жолы ондай жоқ екен ғой...

+0
25 қазан 2013, 14:45

Бір дизайнер топтамасын көрсетуге арнайы балет бишілерін таңдаған екен деп естіп едім, ол қайсысы болды екен?

+0
25 қазан 2013, 14:52

Аида Кауменованың топтамасы нағыз қазақы стильде. Өте әдемі!

+0
25 қазан 2013, 15:11

Біздің жұмыстағылар "KFW - уже не тот" деді :roll:

+0
25 қазан 2013, 15:32

иә мен де солай ойлаймын, бірақ мәселе киімде емес ұйымдастырылуда шығар

+0
25 қазан 2013, 15:57

иа, ұйымдастыру нашар дейді және қаржыландыру өте аз болған биыл дейді

+0
25 қазан 2013, 16:00

келісемін, ішінде спонсорлары арақ пен темекі болған, солардың бұрыштары бар. Ал қарапайым халыққа су, шырын ойластырылмапты. тек демеушілерінікі

+0
25 қазан 2013, 15:23

Біздің Сания конвергентті журналист болып қалыптасып келеді.

+0
25 қазан 2013, 16:02

Қыздаааар мен осындай модель болуды армандаймын. бойым да ұзын 1,78. Бірақ тұрмыста болғандықтан бұлай подиуда жүре алмасым анық :(

+0
26 қазан 2013, 00:32

бағыңызды сынап көрсеңізші, ештен кеш жақсы деп бекер айтпайды ғой

+0
25 қазан 2013, 22:48

Айшежан, сен қазақ әдебиетінің подимуында жүруге жаралған жан шығар бәлкім? Әр істің бір жақсылығы бар. Күт. Ал, мында Аида Қауменованың топтамасы қатты ұнады.Ұлттық нақыштың болғандығынан шығар. Сания, мақалаңа рахмет! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.