Жаңа тренд: Әріппен әрленген әшекей

Жаңа тренд: Әріппен әрленген әшекей

Көркем әрі нәзік көрінетін әріп пішінінде жасалған алқалар, сақиналар мен білезіктер соңғы кезде үлкен сұранысқа ие болып, сәнқой қыздардың арасында трендке айналды. 

Бұндай әшекей бұйымдары бала кезден таныс болар? Металл бетіне ойылып салынған не әріп ретінде жасалынған әшекейлерді құрбыңыз тағып көре  алмайды. Бұл әшекейлер тек бір адамға – сізге арналған.

Мұндай аксессуар бірден көзге көрініп, сізді көпшіліктің ортасынан ерекшелейді. Әшекейдің ақпараттық мағынасы да бар: әріп сіздің есіміңізді не сіз үшін маңызды сөзді білдіреді. Бұл басқалардың сұрағын тудырып, сізге деген қызығушылығын оятары сөзсіз.

Мысалы бейтаныс кісі бірден "Сіздің есіміңіз А-дан бастала ма?" деп сұрауы мүмкін.

Бұндай әшекейлер өте нәзік көрінеді, сол себепті оларды жұқа шынжырмен бірге таққан дұрыс. Алтын не күміс түстісін таңдау өз еркіңізде, сонымен қатар, пішіндер түрлілігі тек өзіңізге тән әшекейді табуға көмектеседі.

Әріп ретінде жасалған алқаларға көз үйреніп те қалды, ал әріп әшекейі бар білезік немесе сақина арқылы сіз басқаларды таң қалдыра аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.com.ua

С. А