Жылы жемпірлер кезеңі де жетті

Жылы жемпірлер кезеңі де жетті

Күздің суық күндеріне арналған жылы жемпір әмбебап және өте қажетті гардероб бұйымы. Бірақ мұндай жемпірлердің бір сарындылығы гардеробыңызға ерекшелік бермейді деп ойлайсыз ба? Қарапайым болса да, жайлы жемпірді басқа киімдермен үйлестіру арқылы қызықты, ерекше бейнелер жасай аласыз. Бүгін біз бір жемпірмен үш түрлі бейне құрастырып көрейік.

Бірінші бейне күнделікті киюге болатын, қарапайым "көшелік стиль". Жемпірдің өзі үлкендеу болғандықтан, бейненің басқа элементтерін де соған сай таңдау керек. Кең джинсы шалбары, пиджак сынды сыртқы киім мен лофер не оксфорд сияқты дөрекілеу аяқ-киімдері керемет жарасады. Бейне тым дөрекі көрінбес үшін, байқаларлық батыл макияж жағуға болады. 

Екіші бейнеде жемпірді классикалық стильмен үйлестіруге тырысайық. Қарапайым қара шалбар мен сәнді "кеңселік" пиджак, міндетті түрде биік өкшелі туфли ресми стиль жасауға көмектеседі. қарап отырсаңыз күздің суық күндері үйреншікті ақ жейделерді жылы жемпірмен алмастыруға болады.

Күзде белдемше киюге болмайды деп кім айтты? Өзіңізге белдемшелердің қандай түрлері жарасатындығын анықтап, оны жемпірмен үйлестіріп кие беруіңізге болады. Жылы, жайлы, қарапайым әрі сымбатты бейнені аксессуарлар мен әшекей бұйымдармен аяқтап, тіпті кешкі отырыстарға бара алатындай салтанатты бейне жасай аласыз.

Байқасаңыз қарапайым, әр қыздың гардеробынан табылатын жемпірмен түрлі бейнелер жасауға болады. Ал сіз жемпірмен жарасатын тағы қандай бейнелер білесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: refinery29.com, show.chariweb.com

С. А