Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сәнді болсын, қалқам, мойныңдағы алқаң

Сәнді болсын, қалқам, мойныңдағы алқаң

Сәнді болсын, қалқам, мойныңдағы алқаң

Біз бұрындары сәнді тастан және басқа асыл бұйымдардан жасалған әшекейлерді тек салтанатты кеш көйлектерімен ғана тағып шығатын едік. Ал қазір оны футболкамен, джинсы күртешемен, жейделермен, тіпті свитермен кие берсек те түк етпейтін болды. Мұндай сәнмен күлкілі көрінем деп қысылмай-ақ қойыңыз. Өйткені соңғы сән – осы. Осылайша киімдермен әшекейлеріңізді үйлестірсеңіз, келбетіңіз өзінше келісіп қалмақ. 

Үлкен салмақтағы шынжырлар тек американдық рэп орындаушыларының ғана иеленіп алған алқасы емес. Бүгіндері мұндай шынжырлы әшекейлерді ашық мойынға тағып жүру сәнге айналып отыр. Бұл үшін алқаның аса қымбат металдан жасалған-жасалмағанының ешқандай да маңызы жоқ. 

Тастан жасалған әшекей алқалар да сәннің көшінен қалып қоймақ емес. Бұл да шыншырлы алқалар сиықты аса көп қаражатты жақтырмайды. Тастың тым бағалы не қымбат болғаны жақсы, әрине. Әйткенмен қалтаңыз көтермей жатса, ол үшін тыраштанудың дым да қажеті жоқ. Бастысы - сәнді болса, болғаны. Оның құны емес, сәні маңызды болғандықтан, біз сіздерге мынадай сәнді әшекейлер топтамасын ұсынамыз.

 


Мойныңыздағы әшекейлерді киіміңіздің кез келген түсімен сәйкестендірсеңіз болады. Алқаның түсі мен киімнің бір шетіндегі түс болсын, үйлесіп тұрғаны жөн. Сонда ғана сіздің көркіңіз ашылады. Қолыңызға не құлағыңызға таққан әшекейлердің түстерінің бірдей болуы аса маңызды емес. Әшекейдің аяқ киіммен үйлескен түрі өте сәнді көрінеді. Немесе аяқ киімнің тасымен не басқа да сәнді бұйымымен әшекейдің түсі не тасы сәйкескені дұрыс. Әйткенмен салмағы өте ауыр әшекейлерді мойныңызға салып ап, ыңғайсыз жағдайларға тап болып жүрмегейсіз. Немесе базарларда жайылып тұрған тым арзан дүниелерден де аулақ болыңыз. Сатып аларда теріңізге зиян келтірмейтінін таңдаңыз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: lookofyoung987.blogspot.com, zvezdastok.ru 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 шілде 2013, 15:25
Пікірлер
+0
12 шілде 2013, 16:08

Бәрі әдемі, тағып жүргендерге қызығам. Бірақ, таға алмаймын бір түрлі мойнымда жүк жүргендей :oops:

+0
12 шілде 2013, 16:39

Мен де таға алмаймын сол, әйтпесе көздiң жауын алардай керемет бәрi )))

+0
12 шілде 2013, 17:22

менде таға алмайды екем....бірақ әдемілеп тағатындарға қызығам

+0
12 шілде 2013, 17:30

Менің жанды жерім ғой!

+0
12 шілде 2013, 17:52

Таға алмаймын)бірақ тағатын қыздарға қызығамын

+0
12 шілде 2013, 18:39

Мен тага берем.Тек адеми жане озиме жарасса болды..Негизи осындай алка,моншак,сырга т.с.с катты кызыгам жане катты жаксы корем..

+0
12 шілде 2013, 23:49

менде білезік көпп :D

+0
05 тамыз 2013, 10:01

Мен тага берем маган кайта унайд

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.