Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән. Джорджио Арманидің сырлары...

Сән. Джорджио Арманидің сырлары...

Сән. Джорджио Арманидің сырлары...

Өнерлі адамды қай қырынан алып қарасаңыз да, өнерлі. Джорджио Армани тек қана әйгілі модельер емес, бизнестік қырымен де әлемге өзін паш еткен жандардың бірі. Ол кісі киімімен адамды таңғалдыруды әрі сол киім арқылы өз кемшіліктерін жабуды да өте жақсы біледі. Армани бір сөзінде қазіргі заманғы жігіттердің сәнқойлығы өзін қуантатынын айтқан. Оның ойынша "Сән дегеніміз – өз заманынан бір қадам алда жүру".

Cән әлемінде үлкен табыстарға қол жеткізген Армани өзінің өмірлік сырларымен бөліспек.

Біріншіден, басқаларға еліктеп өз сәніңізді жоғалтып алмаңыз. Қалай сәнді боламын деп бас қатырудың маңызы шамалы. Ең сәнді адам - ерекше көзге түспей, өзінің таңдау еркіне жол аша білген адам. Өзіңді сенімді сезіне білу жетістікке жету жолында сізді еркін сезіндіреді. 

Кез келген ер жігіттің киім-кешегінде басты орынды пиджактың алу міндетті! Ол ұқыпты тігіліп, денеңізде жақсы тұруы керек және қимыл жасағанда кері әсерін бермеуі тиіс. Егер де пиджак осы айтылғандардың барлығына жауап бере алса, онда қалғандары сізге жараса кетеді. Ал екінші орынды қымбат және сапалы туфли алады. Туфли алғанда ақша үнемі дегенді ұмытыңыз! Голливуд киноларындағы кешкі костюмдер барлық жігіттер үшін біріңғай киім болып қалыптасып қалған. Қара костюм, ақ көйлек және қара галстук – бұл барлығында бар, бірақ, бұл киімде барлық ер жігіт көз тартарлықтай керемет болып көрінеді. 

Ал киім түстеріне келер болсақ, барлық түстен өзгешесін таңдаңыз. Барлығы жабысып қалған түстерден алшақ болыңыз. Егер сән әлемін байқап көретін болсақ, бұл киімдер өте ұзақ уақыт шкафыңызда орын алады. Ірі келген немесе артық салмағы бар адамдарға визуальді сымбаттылығын көркемдеу үшін түс заңдылықтарын білу керек. Қара және қара көк түстердің сәйкестігін қолдану арқылы материалдың формасын өзгертуге болады. Ал спортшы жігіттерге киімді арнайы тіктіруді ұсынамын. Себебі, олардың қарапайым жігіттерге қарағанда бұлшық еттері өзгеше болады.

Арманидің ойынша, ер жігіттердің бейнесіне жаңашылық беріп тұратын аксессуарлардың болуы керек. Маңдай терімен тапқан аяқ-киім, белдік және галстук сіздің сәніңізді келтірері анық. Сағат болса, ер жігіт сәнінің эталоны. Тек қана тоқталып өтерлік мәселе,  сіздің алған заттарыңыз қандай түсте болуы тиіс, соны білу керек. Аксессуарларда қара мен қоңырдың сұрмен сәйкестендірілуі ең жақсы нұсқа болып саналады. 

Парфюмдер тек қана әйел адамдарды ғана емес, ер жігіттердің де сәнін келтіреді. Ол  сіздің ғимаратқа кіргеніңіздің белгісін көрсетеді.

Ер жігіттердің басты ұстанымы ретінде алға ұмтылуы және өмірлік сенімі бірінші орынға қойылады. Арманидің алғашқыда ешкім киімдерін қолдамаған болатын, бірақ, өмірге деген сенімі оны бірінші болуға жетеледі.

Өзіңе күмәнмен қарама, тәуекелшіл бола біл. 1985 жылы Арманидің фирмалық досы қайтыс болған болатын, бірақ ол фирманы жауып, құр қол қарап қалған жоқ. Яғни Армани бәрін де істеуге болатындығын дәлелдеді. Сол үшін өзіңіздің ішкі күшіңізді төмен санамаңыз.

Кез келген ер жігіт жетістігінің сыры жеке өмір мен жетістік арасын тең ұстауында жатыр деп есептейді. Кез келген жетістікке жеткен атақты адамдар өзінің жетістігін жеке өміріне құрбан етуге дайын екендігін жеткізеді. Армани де солай ойлайды.

Егер жас болып көрінемін десеңіз, өзіңізді қолға ала біліңіз. Ертерек ұйықтап, арақ пен темекіден аулақ жүріңіз. Денсаулығыңызға өте ұқыпты қараңыз. Физикалық жаттығулар сіздің дене пішіміңізді керемет етіп қана қоймай, жақсы көңіл-күйде болуыңызды қамтамасыз етеді.

Суреттер: papag.net, armani.com 

1139 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: aaa aaa
Қосылған күні: 19 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...