Kazakhstan Fashion Week-тің сәнді қонақтары

Kazakhstan Fashion Week-тің сәнді қонақтары

Жақында Алматыда өткен Kazakhstan Fashion Week-тің сән көрсетілімдерімен таныстырған едік. Енді бұл салтанатты кештің қонақтары, дизайнерлердің өздерінің сәнді look-тарымен танысып, олардан қалыспайық.

Kazakhstan Fashion Week алғашқы пресс-конференциясынан соңғы көрсетілім күніне дейін сән мен сымбатқа, брендті киімдер мен қолөнер туындыларына толы болды. Дизайнерлер, модельдер, қонақтар, тіпті журналистер бұл жиынға ерекше дайындалып, сәнденіп келіп жүрді.

Сәннен қалыспайтын қонақтар қазақстандық дизайнерлердің киімдерін, әлемдік бренд көйлектері мен аксессуарларын таңдады. Жарқын, көзге түсерлік те, дәстүрлі, ұстамды да look-тар болды.

Әрине қазірде, әсіресе жас сәнқой арулардың арасында жарқын түсті аксессуарлар ерекше сәнді саналады. Бұл өзіне көңіл аударудың ең оңай жолы.

Мынандай сәнді аяқ-киімдер Салтанат Баймұхамедова, Құралай Нұрқаділовалардың аяқтарынан көрінді. Саят Досыбаев резеңкелі Prada аяқ киімін таңдады.

Сөмке сынды аксессуарларда ортақ тренд байқалмады. Киімінің стиліне сәйкес болса, болғаны.

   

Кештің қонақтары қаламыздың қарапайым сәнқой арулары осы кеште жақсы көріну үшін барын салды.

Дизайнерлер жоғары сәнді дәріптеп, соған сәйкес киінуде.

Лария Джакамбаеваның жаңа топтамасын көпшілік жақсы қабылдады. 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А