Әр бала армандайтын қазіргі трендтегі ойыншықтар

Әр бала армандайтын қазіргі трендтегі ойыншықтар
Фото: rbc.ru

Ата-анаға баласының қалауы әркез түсінікті бола бермейді. Сіз сапалы ойыншық алғыңыз келеді, ал олар ұсақ-түйектерге жабысады. Көпшілік ата-анаға біртүрлі көрінетін қазіргі трендтегі ойыншықтарды ұсынамыз.

Қазір ойыншықтар тек қана ойнау үшін емес, сондай-ақ олар балалар үшін өздерін "қоғамдастықтың" бір бөлігі сезінуге, басқалармен жылдам ортақ тіл табуға және ортаға еніп кетуге арналған мүмкіндік. Балаңыз сұрап тұрған ойыншық сізге біртүрлі көрінсе, ол ойыншықтан қосымша жасырын мән іздеудің қажеті жоқ.

Созылатын ойыншық — Гуджитсу (10 000-20 000 теңге)

Гуджитсу кейіпкерлерінің әлемі — осы жылдың тренді. Аңыз бойынша, зообақ мекендеушілері ерекше суперкүштері бар құбыжық қаһармандарға мутацияланған. Бұл фигуралардың ерекшелігі — олар шамамен үш есе созылып, қайтадан бастапқы пішініне орала алады. Оны сындырып немесе үзіп алу мүмкін емес. Сондай-ақ әр ойыншықта қосымша толықтырғыш бар: слайм, глюкозалық масса, кішкентай жарқанат фигуралар.

Билейтін кактус (4 000-6 000 теңге)

Тағы бір хит ойыншық — гүл құмырасындағы кактус. Ол билейді, бала сөзін қайталайды, жанады, өлең айтады. Ол ұзаққа дейін баланы жалықтырмайды және ол кез келген жастағы балаға ұнайды.

3D-қалам (5 000 теңгеден бастап)

Көлемді пішіндерді үлгілеуге арналған 3D-қалам. Бұл ойыншық баланың шығармашылық потенциалын ашуға көмектеседі. Жинақта көлемді пішіндер жасауға арналған барлық қажетті нәрсе бар. 3D модель сұйық пластиктен жасалады. Бұл 6 жастан асқан балаларға қызық болады.

Лол қуыршақтар 

Лол қуыршақтар қыздар арасында әлі ұзақ танымал болады. Бұл коллекциялық ойыншықтың жылдан жылға түр-түрі шығуда.

Лего (3 мың теңгеден бастап)

Лего балаларға арналған пайдалы ойыншық. Бірақ сіз балаға оның классикалық түрін алғанды жөн көрсеңіз де, ол сізден оның жаңа трендті түрлерін сұрайды. Мысалы: жұлдыздар соғысы, ниндзя, Гарри Потер, марвел қаһармандары, майнкрафт және т.б.

Хот Вилс машиналары (Hot Wheels) (1000 теңгеден бастап)

Ұлыңыз бар болса, Хот Вилс машиналарын міндетті түрде білесіз. Сізге сырттан қарағанда оның қарапайым кішкентай машиналардан айырмашылығы жоқ сияқты көрінсе де, ол бала үшін олай емес. Сондай-ақ Хот Вилстің түрлі жолдары бар.

Хагги Вагги (2 000 теңгеден бастап)

Бұл тізімге Хагги Ваггиді қоспаса болмайды. Оны осы жылы ата-анасынан әр бала сұраған болар. Хагги құбыжығы — бейнеойынның кейіпкері. Бір қызығы, түрі қорқынышты бұл жұмсақ ойыншық көпшілік балаға ұнайды.

Ал сіздің балаңыз қандай ойыншық сұрап жүр?

А. Жапатова