Үстел сервировкасына бірнеше идея

Үстел сервировкасына бірнеше идея
Фото: unsplash.com, ru.pinterest.com

Дастарханның мінсіз болуына оған қойылатын тамақтардың дәмді болуы және сервировка мен декор әсер етеді. Дастарханды тек қонақ шақырғанда безендіру керек деп ойласаңыз, қателесесіз. Күнделікті тамақты әдемі етіп ұсыну оны дәмді ететіні дәлелденген. Ендеше, үстел жабдықтауға бірнеше идея ұсынамыз.

1. Ыдыс-аяқты асүйіңіздің өлшемі мен стиліне қарай таңдаңыз. Күнделікті тамақтануға арналған ыдыстар мен текстильді асүй интерьерінің түсіне бағыттала алыңыз. Олар интерьерді айқындауы немесе толықтыруы керек. Үстелдің декоры бөлменің жалпы стилі мен өлшеміне қарсы келмеуі керек. Мысалы, бөлмелер биік болса, үстелге минимализм стиліндегі биік шамдар немесе биік құмыра қоюға болады. Егер бөлмеде жарық аз болса, оны визуалды түрде айналардың, жарықты шағылыстыратын аксессуарлардың және хрусталь аспашам көмегімен көбейтуге болады.

2. Дастархан — сервировкаға арналған керемет фон. Оны сатып алмас бұрын қандай әсер алғыңыз келетінін шешіп алыңыз: оны ыдыстар мен декор жаңаша көрінетін таза кенепке айналдыру немесе дастарханның өзін үстелдің стильді декоры ету. Ештеңесі жоқ ақ дастархан алсаңыз, ол үстелге түрлі декорлар қойып, тәжірибе жасауға жақсы база болады. Ақ дастарханға ыдыс-аяқтың түрлі суреттері немесе өрнектері бар және кез келген түстегі түрлерін пайдалана бере аласыз.

3. Сүйікті сервиздеріңізді шкафқа салып тастамаңыз. Әдемі сервизді тек қонақ келгенге пайдалану әдетінен арылыңыз. Торт салатын немесе бірнеше қабатты ыдыстарды да күнделікті дастарханға пайдаланыңыз. Мұндай ыдыстарға торт немесе кәмпиттер қою міндетті емес. Оларға күнделікті жейтін тіскебасарларыңызды салып, дастарханға қойсаңыз, әдемі көрінеді және өзіңізге, отбасы мүшелеріне жағымды болады.

4. Әйнек бокалдар — дастарханның әшекейі. Егер күнделікті тамақтануыңызға жұмсақ бейтарап түстердегі ыдыстарды пайдалансаңыз, қасына әйнек бокалдар қою арқылы ерекше контраст жасауға болады. Мысалы, суды стақанға құйып бермей, бокалмен ұсыныңыз.

5. Ерекше сәтті күтудің қажеті жоқ. Өзіңізді және отбасыңызды салтанаттылықпен еркелетіңіз. Күміс жабдықтар, зығыр дастархан, хрусталь фужерлер әр кешкі асыңызды ерекше етеді.

6. Майлықтар — сервировкаға түс пен текстура сыйлаудың бір әдісі. Күнделікті дастарханға жұмсақ түсті және жайлылық сыйлайтын түрлерін таңдаңыз. Ал салтанатты үстелге майлықтарға арналған сақиналар алуға кеңес береміз: олар сервировкаға нәзіктік сыйлайды.

7. Шамдар жайлы ұмытпаңыз. Шамдар кешкі асқа жайлылық береді. Шамның жылтылы ерекше және сабырлы көңіл күй сыйлайды. Қажет атмосфера жасау үшін әртүрлі өлшемдегі бірнеше шам қолданыңыз.

А. Жапатова