Үй ішіндегі ауаны тазартудың 8 әдісі

Үй ішіндегі ауаны тазартудың 8 әдісі
Фото: unsplash.com

Үйдегі ауа сапасы біздің хал-жағдайымызға әсер етеді. Егер үйдегі ауа лас болса, ол аллергия, бас ауыруы немесе ұзақ тұмауратуға секілді жағымсыз сезімдердің пайда болуына ықпал етеді. Адам шаңмен демалып жүргенін байқамауы да мүмкін. Ендеше, үйдің ішіндегі ауаны тазартудың бірнеше әдісін ұсынамыз.

Желдету жүйесін және кондиционер сүзгісін тазартыңыз

Нашар желдету жүйесі және бітеліп қалған кондиционер сүзгілері — үйдегі таза ауаның басты жаулары. Сондықтан оларға аса мән беру керек.

Желдету каналдарын мұқият тазарту үшін мамандарды шақыру керек. Қоқым, шаң, өрмектің бір бөлігін өздігінше қалақшамен қырып алу арқылы алып тастауға болады. Желдету жүйесін жауып тұрған торды арасында сабын немесе басқа да жуушы құрал қосылған суға жуып алу керек.

Шаңның ауаға түсуін алдын алу үшін кондиционер сүзгілерін уақытында тазартып, ауыстырып тұру маңызды. Оған қоса, техникаға уақытында күтім жасасаңыз, ол ұзағырақ қызмет етеді.

Мамандар кондиционер сүзгісін жылына бір-екі рет тазарту жеткілікті екенін айтады. Орташа есеппен, бір сүзгі сегіз рет тазартуды көтереді. Ал одан кейін оны ауыстыру керек болады. Оны шаңсорғышпен сорып, содан соң агрессивті емес құралмен жылы суға жууға болады. Оны кондиционерге орнатпас бұрын жақсылап кептіру маңызды.

Үйді таза ұстаңыз

Шаңмен және басқа да ластағыштармен үйді ылғал тазарту арқылы күресе аласыз. Көп уақыт пен күш кетірмей үйді тазалап алуға болады.

Кілемдерді алып тастаңыз

Кілемдер шаң, үй жануарларының жүнін және басқа да ұсақ бөліктерді жинайды. Ал кілемді шаңсорғышпен сору кезіде оның барлығы ауаға көтеріледі. Сондықтан, әсіресе, аллергияға бейім болсаңыз немесе отбасыңызда аллергик адам болса, кілемдерден бас тартқан жөн.

Егер бұл декор элементінен бас тарта алмасаңыз, түгі өте қысқа немесе жұмсақ материалдан дайындалған кілемдер таңдаңыз. Мысалы, мақта немесе нейлон кілемде шаң көп жиналмайды.

Үйді бөлме өсімдіктерімен безендіріңіз

Өсімдіктер қызықты декор жасауға көмектесіп қана қоймай, үй ішінің ауасын жақсы тазартады. Олардың кейбіреулері формальдегид, бензол и азот диоксиді секілді қауіпті қосылыстарды сүзе алады. Үйді таза ұстауға көмектесетін бөлме өсімдіктерін мына жерден оқи аласыз.

Ауа сергітуші құралдардың орнына хош иісті майлар қолданыңыз

Ауа сергітуші құралдар жағымсыз иістерді жасырғанымен, олардың құрамында ауада ұзаққа дейін қалып қоятын химиялық қосылыстар бар. Олардың орнына табиғи майларға арналған диффузор немесе шамдар қолдансаңыз болады. Лаванда, эвкалипт, қалампыр майларына мән беріңіз: олар хош иіс сыйлайды әрі антибактериялық әсерге ие.

Тұзды шам сатып алыңыз

Тұзды шамдар денсаулыққа пайдалы. Сондай-ақ, олар интерьердің қызықты элементіне айнала алады. Алайда оның ең басты артықшылығы — оның үйдегі ауаны тиімді тазартуы. Олар ауада жүрген тітіркендіргіштер, патогендер мен аллергендердің мөлшерін азайтады.

Шамды жұмыс үстеліне қойыңыз немесе қосулы күйінде түнге қалдырыңыз. Оның әлсіз жарығы ұйықтауға кедергі келтірмейді. Тұзды шамдар қосулы болмаса да, жұмыс істей береді, бірақ тиімділігі сәл азаяды.

Темекі түтінінен аулақ болыңыз

Темекінің құрамында жану кезінде ауаны ластайтын көптеген қосылыстар бар. Оған қоса, темекі тартпай-ақ оның түтінімен демалудың өзі өкпеңізге зиян. Сондықтан үйде темекі тартпаңыз және қонақтарға да үйдің ішінде темекі тартуға рұқсат бермеңіз.

Далаға киетін аяқ киіммен үйдің ішінде жүрмеңіз

Кейде аяқ киім киіп алғаннан кейін бірдеңе ұмытып кеткеніміз еске түседі. Мұндай кезде көпшілік аяқ киімін шешіп, қайта киюге ерініп, солай кіре салуды жөн көреді. Алайда мұндай әдет үйге даланың кірін және аяқ киімдегі пестицидтер, бактериялар мен басқа да аллергендерді алып келеді. Ал олар ауада таралып, оны ластайды.

А. Жапатова