Киім үтіктеу кезінде жіберілетін қателіктер

Киім үтіктеу кезінде жіберілетін қателіктер
Фото: unsplash.com

Бір қарағанда киім үтіктеуден оңай нәрсе жоқ секілді көрінуі мүмкін. Алайда киім үтіктеу кезінде жіберілетін кей қателіктер үтіктің жылдам бұзылуына, киімде қыртыстардың қалып қоюына немесе үтіктеуге көп уақыт кетіруге әкеледі. Ендеше, киім үтіктеуді жеңілдетуге арналған бірнеше кеңес ұсынамыз.

Киімді шамадан тыс кептірмеңіз
Киім талшығын кішкене ылғал кезінде тегістеу жеңіл. Сондықтан жуылған киімді кептіргіштен уақытында алып, бірден үтіктеу маңызды. Сондай-ақ, киімді үтіктер алдында оған шамалы су шашып жіберуге болады. Үтіктің су шашатын функциясы болса, соны қолданыңыз. Егер ондай үтік болмаса, кез келген су шашатын ыдысты пайдалануға болады. Киімге су шашқан соң оны бір сілкіп жіберіп, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Бұл кей қыртыстардан арылуға көмектеседі, сондықтан үтіктеуге кететін уақытты үнемдей аласыз.

Үтікке құбыр суын пайдаланбаңыз
Құбыр суын үтіктің заманауи түрлеріне қолдануға болады. Себебі олар мұндай суға төзімді келеді. Бірақ сіздің үйдегі құбыр суы нашар болса, оның құрамындағы минералдар үтік ішінде проблема туғызуы мүмкін. Ол будың біркелкі таралмауына немесе жеткілікті температурада қызбауына әкеледі. Үйіңіздегі су сапасын шәйнекке қарап білуге болады: егер оның ішіне қақ жылдам жиналса, үтікке тек тазартылған су пайдаланған жөн.

Алдымен жұқа маталарды үтіктеңіз
Егер үтіктейтін киімдер көп болса, төмен температураны қажет ететін жұқа маталардан бастаңыз. Мысалы: жібек, шілтер, синтетика. Содан соң жоғары температураны қажет ететін мақта және зығыр секілді ауыр маталарға көшіңіз. Егер керісінше бастасаңыз, үтік жеткілікті түрде суып үлгермейді де, жұқа маталарды зақымдап алуыңыз мүмкін.

Үтіктегі суды төгіңіз
Үтіктеп болған соң міндетті түрде үтіктің ішіндегі суды төгіңіз. Әсіресе, бұл тігінен сақталатын үтіктерге қатысты. Ол артық судың себебінен ішкі детальдардың зақымдалуының, су ағудың және үтік табаны түсінің өзгеруінің алдын алады. Оған қоса, әкті қақ пен басқа да ластық үтік ішіне жиналып, киім үтіктеу кезінде лас су киімді бүлдіруі мүмкін.

Үтіктеу тақтасының тысын жуыңыз
Үтіктеу тақтасына арналған қапты жууды ұмытпау керек. Уақыт өте оған шаң қонуы немесе ол дымқыл матаны үтіктеу кезінде бояғышқа боялуы мүмкін. Бұл үтіктеу кезінде киімдерде дақтардың пайда болуына әкеледі.

А. Жапатова