Мен - тұрақсыз адаммын. ER-BATYR жобасында - Төлепберген Байсақалов

Мен - тұрақсыз адаммын. ER-BATYR жобасында - Төлепберген Байсақалов

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - белгілі актер Төлепберген Байсақалов. Ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында "От" фильміндегі түсірілімнен алған әсері және оның режиссері Айжан Қасымбекпен алғашқы кездесуі туралы, сондай-ақ, неге ұзақ уақыт үйде бола алмайтыны, тағдырға не үшін алғысы шексіз екені туралы әңгімеледі. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалаңыздар. Жоба серіктесі - Altel мобильді операторы.

Жоба қонағы үздік ер ролі үшін үш халықаралық марапатқа ие болған "От" фильмінің түсірілімінен алған әсері туралы айтты. 

"Бұл - өте жағымды жаңалық. Шынымды айтсам, ерекше ештеңе күтпедім. Бірақ бұл жоба маған адамдарды, әсіресе, қыздарды жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Қоюшы қыздар ғана болғасын, мені таңғалдырды. Олар - еңбекқор. Олардың еңбекқорлығы мен мотивация беруі таңдандырады. Менде қандай да бір қиындықтар болған кезде, оларға қарап: "қалай еңсемді түсіремін, мен еркекпін ғой", - деп ойладым. Кәсіби тұрғыдан алғанда, олар қатты таңғалдырды, тәртібі, алаңға келгенде де нақтылығы. Ал бұл - біздің кинематографияда жиі жіберілетін қателік", - деді ол.

Төлепберген "От" фильмінің режиссері Айжан Қасымбекпен алғашқы кездесуден алған әсерін айтты.
"Мен бірден одан жұмысқа деген жауапкершілікті байқадым. Мен бұл рольді сомдамауыма оны көндіргенін жақсы білемін. Бұзақы, маскүнем, жеңілтек адам деген. Ал ол шын режиссерлер секілді ешкімді тыңдамай, менімен кездесуге келді. Ол қысқа мәлімет әкелді, біз отырдық, мен оқып шықтым, содан кейін ол менімен сөйлесіп, қандай адам екенімді зерттеді", - деді ол.

Сондай-ақ, жоба қонағы фильмдегі образының өмірдегі өз жағдайымен ұқсастығын айтты.
"Сценарийді оқығаннан кейін бәрі қалай ұқсайтынын ойладым. Қызым Даянамен қарым-қатынасымыз да осындай қиындау, арада түсініспеушілік бар. Бірақ ең бастысы тез кешіре аламыз. Әрине, оған алаңдаймын және түсірілім барысында менің басымда осындай болмаса екен деген сәттер болды. Бірақ бұл маған көмектесті. Сондықтан, менің ойымша, осындай нәтиже көріп отырмыз. Қызым фильмді көргеннен кейін мені мақтап: "міне, ақыры бірдеңе шықты", - деді. Мысалы, "Трубадур" фильмін көргеннен кейін ол орнынан тұрып, кетіп қалды, содан кейін: "әкем енді мұндай фильмге түспесін", - деді. Бірақ "От" фильмінен кейін бұл картина бүкіл отбасымызды жақындастырғанын сезіп, көңілім орнына түсті", - деді ол.

Сондай-ақ, актер балалары мен әйеліне уақыт бөле ала ма деген сұраққа жауап берді. "Отбасым мен балаларыма жеткілікті уақыт бөлетіндей мүмкіндігім бар. Өзім сондай адаммын. Ал біреулер айырбастап тұрсың деуі мүмкін. Былай айтайық: отбасың әрқашан қасыңда, өзім осындай адаммын, үйде ұзақ уақыт бола алмаймын. Маған бәрі жүрегімде сақталуы үшін ұлыммен немесе қызыммен уақыт өткізуге, әйеліммен шүйіркелесуге бес-ақ минутта жетеді, мысалы, екі айдан кейін бәрі бүге-шүгесіне есіме түсті", - деді жоба қонағы.

Төлепбергеннің айтуынша, әйелін сыйлаған тағдырына риза.
"Бұл - парадокс, бірақ менімен бірге сүрген өмір оны өте әдемі етті, бірақ ішінде қорғаныс пайда болды. Себебі өзімді ер адам сияқты ұстамаған кездер болды. Одан үнемі: "мені неге жақсы көресің?" деп сұраймын. Бастапқыда менің оған деген махаббатым жауапсыз болды, оны төрт жыл күттім, қатты қиналдым. Енді қазір өзіме сұрақ қоямын: міне, қол жеткіздім, үйлендік, екі балалы болдық, енді не керек, бұл кек пе? Жоқ, әрине, бұл кек емес, менде ол және керісінше болуы үшін Құдай екеуімізді кездестірген шығар. Тағдырыма осы үшін ризамын", - деді ол.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.