Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Вирустан қорғайтын 5 бөлме өсімдігі

Вирустан қорғайтын 5 бөлме өсімдігі

Вирустан қорғайтын 5 бөлме өсімдігі

Тұмау мен басқа да вирустық аурулар мерзімінде өзімізді және жақындарымызды жұқпадан қорғайтын қосымша әдістер іздейміз. Бөлме өсімдіктері интерьерді безендіріп қана қоймай, ауаны көше шаңынан, зиянды бактериялардан және вирустардан тазарта алады.

Қазтамақ (герань)

Бұрын қазтамақ көптеген үйдің терезесінің алдында тұратын. Бұл классикалық бөлме өсімдігі өз иесін жылы мерзім бойы гүлдерімен қуантып қана қоймай, вирустар мен бактериялардан қорғайды екен. Қызыл гүлдері бар қазтамақтың емдік қасиеті көбірек деп саналады, бірақ ақ, күлгін және алқызыл гүлдері бар қазтамақ та бөлмедегі ауаны тазарта алады. Бұл өсімдік бөлетін заттар стрептококк, стафилококк және тұмау шақыратын басқа да вирустар мен бактерияларды жоя алады.

Қазтамақ жарықты жақсы көреді. Сондықтан оны жарық жақсы түсетін жерге қойып, топырағы толық кеуіп үлгермеген кезде суарып тұру керек. Қазтмақтың эфир майлары тыныштандыратын әсерге ие. Ол ұйқысыздықпен және күйзеліспен күреседі. Сондықтан оны жатын бөлмеге қоюға болады.

Сансевиерия

Бұл бөлме өсімдігі халық арасында «ененің тілі» деген атпен белгілі. Бұл өсімдік гүлдемесе де, ерекше жапырақтарымен интерьерді безендіреді және үйдегі дұрыс микроклиматты қалыпта ұстап тұрады. Ол үйдің ішіндегі ауаны тазартады және ылғалдандырады. Сансевиерия вирусқа қарсы қасиетке ие.

Бұл бөлме өсімдігіне аса күтім қажет емес. Оны кейде суаруға ұмытып кетсеңіз де, құрғаққа шыдайды. Бірақ оны күннің көзі тіке түсетін жерге қою ұсынылмайды. Сондай-ақ ол компьютердің зиян сәулесін азайта алады деп саналады, сондықтан оны көбіне жұмыс үстеліне қояды.

Лавр

Кез келген асүйден кепкен лавр жапырақтарын табуға болады. Лавр жасыл күйінде де жақсы дәмдеуіш бола алады және ол емдік қасиеттерге ие. Бұл өсімдік құрамындағы фитонцидтер, илік заттар мен микроэлементтердің арқасында иммунитетке күшті нығайтушы әсер етеді. Лавр қабынуға қарсы және антибактериялық қасиетке ие болғандықтан оны халықтық антибиотик деп атайды. Лавр бұтағын вирустық аурулар мерзімінде көбіне балалар бөлмесіне қояды.

Лавр өсімдігін көктемде және жазда көп суару керек және жиі су шашу қажет. Ол қатты күннің көзін жақсы көрмейді.

Лиана

Лиана – шырмауықтың бір түрі, оның жүрек тәрізді жапырақтары өте үлкен болып келеді. Ол өзінің ерекше жапырақтарымен баяғыда-ақ дизайнерлердің жүрегін жаулап алған. Күтімді аса қажет етпейтін бұл өсімдік үйде 2 метр биіктікке дейін өсе алады, сондықтан кез келген интерьерде өте әдемі көрінеді. Оның үлкен жапырақтары вирустар мен микробтарды әлсірететін пайдалы заттар бөледі.

Бұл бөлме өсімдігі жартылай көлеңке жерді жақсы көреді. Бірақ оның жапырақтары температурасы жоғары бөлмеде жылдам өседі. Ол көктем мен жазда көп суаруды қажет етеді.

Лимон ағашы

Цитрусты өсімдіктер өздерінің емдік қасиетімен танымал. Иммунитетті нығайтуға тек оның жемістері емес, сондай-ақ пайдалы эфир майларын бөлетін хош иісті жапырақтары да көмектеседі. Лимон ағашы бөлмедегі ауаны толықтай зарарсыздандырады. Лимондар бөлетін заттар патогенді микроағзалармен, бактериялармен және вирустармен тиімді күреседі.  

Лимон ағашына дұрыс күтім жасалса, ол отбасы мүшелерін жыл бойы әдемі ақ гүлдері мен ірі жемістерімен қуантады және вирустан қорғай алады. Лимон салқындау және жарық жерді жақсы көреді, бірақ желді және күннің тіке көзін жақтырмайды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 27 сәуір, 09:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->