- Негізгі бет
- Денсаулық
- Лавр жапырағының адам...
Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы
Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Диабет кезінде. Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта.
Арықтағыңыз келсе. 5-6 жапырақты ұсақтап турап, 1 стақан салқын су құйып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең лавр суын 15 минуттай қайнатып, қақпақтың астында тағы 30 минут сақтаңыз. Қайнатпаны күніне 3 рет ішіңіз. Емделу курсы - бір жеті. Одан кейін міндетті түрде 2 аптадай үзіліс жасауыңыз керек. Сусын дәмді болу үшін бал, жаңғақ, даршын, жанжабіл, кардамон қосып ішуіңізге болады.
Ауыз қуысы ауруларына қарсы. Егер аузыңыздан жағымсыз иістер шықса, сіздің қызыл иегіңіз ісінсе, қанжел, стоматит, гингивит секілді ауруларға ұшыраған болуыңыз мүмкін. Олардың алдын алу үшін тамақ арасындағы үзілісте лавр жапырағын шайнаңыз. Нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз. Лавр жапырағының иісі дәрілік шүйгіншөптен кем тыныштандырмайды. Жастығыңыздың астына бірнеше лавр жапырағын салып жатсаңыз, жаңа туған нәрестедей ұйықтайсыз. Бұл әдіс балаларға да пайдалы. Мұндай хош иістен бала керемет қалың ұйқыға кетіп, түн ұйқысын мүлдем бөлмейді.
Ара шаққан кезде. Ара шағып алған кездегі сезім бәріңізге де таныс шығар. Егер сондай жағдайға тап болсаңыз, лавр жапырағын ара шаққан жерге қойып, байлап тастаңыз. Қабыну тез арада кетеді.
Үйіңіздегі ауаны хош иістендіреді. Лавр жапырағының құрамында эфир майы болғандықтан үйіңізді залалсыздандыратын қасиетке ие. 10-15 жапырақты алып, қайнатып, бөлмелеріңізге қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін керемет хош иіс шығатын болады.
Ж. Исакаев