Кір жуу кезінде қажет 5 лайфхак

Кір жуу кезінде қажет 5 лайфхак
Фото: freepik.com

Кір жуғыш машина ластанған киімді тазарту процесін біраз жеңілдетеді. Бірақ кейде қолмен жуатын киім немесе қандай да бір дақты кетіретін жағдай болады. Мұндай уақытта пайдалы лайфхактар көмектеседі.

1. Жағымсыз иістерден арылу
Кейде кейбір киімнің жағымсыз иісін кір жуғыш машинаның өзі кетіре алмауы мүмкін. Мысалы: спорттық киім, жұмыс киімі, жөндеу жұмысынан кейінгі бояудың иісі сіңіп қалған киім және тағы басқа. Кез келген жағымсыз иістен арылу үшін оны пакетке салып, бір түн мұздатқышта ұстау керек.

2. Сия дақтарымен күресу
Шашқа арналған лактың белсенді ингредиенті – алкоголь. Ол сия дағын кетіруге көмектеседі. Ол үшін шашқа арналған лакты даққа шашып, 10 минутқа қалдыру керек. Содан соң киімді жуып аласыз.

3. Киімдерді жұмсарту
Сірке суы – әр үйде болуы керек әмбебап құрал. Оның пайдалы қасиеттерінің бірі – сүлгілерді, төсек-орын тыстарын жұмсарту. Ол үшін кір жуатын машина контейнеріне жарты стақан сірке суын құйыңыз. Ол киімдерді жұмсартып қана қоймай, олардың қанық түсін де сақтайды.

4. Терлегеннен қалған дақты кетіру
Қолтық терлегеннен қалған дақ – кір жуу кезінде жиі кездесетін проблема. Себебі ол оңайлықпен кете қоймайды. Сондықтан оған лимон мен ас содасынан жасалатын лайфхакты қолданып көріңіз. Ол үшін дақты лимон суымен сулап, үстіне ас содасын себу керек. Оны бір сағатқа қалдырып, содан соң кір жуатын машинаға салып жіберіңіз.

5. Майлы дақты кетіру
Майлы дақтарды бор жақсы кетіреді. Ол үшін борды үккіштен өткізіп, оны дақтың үстіне себу керек. Шамалы уақытқа қалдырсаңыз, бор майды өзіне сіңіріп алады. Содан соң киімді қағып, жуып аласыз.

Кілемдегі дақты кетірудің оңай жолы

А. Жапатова