Күйеуіңізге риза болмасаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз

Күйеуіңізге риза болмасаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз
Фото: massaget.kz

Алдыңғы мақалада күйеуді қалай жігерлендіру керек екенін сөз еткен едік. Өз жолдасына, екеуінің қазіргі өміріне көңілі толмаған әйел ғана үнемі күйеуін жігерлендіру жолын іздейді.

Күйеуіңді қабылдай білудің негізі неде? Оның қандай болуында дейсіз бе? Иә, бірақ белгілі бір бөлігі ғана. Күйеуіңізді қабылдай алудың маңызды бөлігі өз-өзіңізді бағалауыңызда жатыр. Жолдасыңызда жақсы қасиеттер өте көп болуы мүмкін, ал сіз оны көрмейсіз. Себебі барлығын жаныңыздағы нәрселермен ғана бағалауға үйренгенсіз.

Егер өзіңізді ең жақсы жігітке аса лайықты емес санасаңыз, онда автоматты түрде бейсанаңыз жаныңыздағы адамның қасиеттерін төмендете бастайды. Бұл сізге өзіңізді одан жоғары қойып, өз-өзіңізді бағалауды көтеру үшін ғана қажет.

Егер күйеуіңізге мүлде көңіліңіз толмайтын болса, онда өз-өзіңізге көңіліңіз тола ма? Алдымен осы сұраққа жауап іздеңіз. Балаларыңызға қатысты да солай.

Мойындау қаншалықты қиын болса да, өміріңіздегі барлық өзгерісті өзіңізден бастау керек. Одан өзге тиімді тәсіл жоқ. Шындығы осы.

Қамқор-көмекші әйелдің рөлі – бұл қақпан. Егер күйеуіңізге шынымен көмектескіңіз келсе, оның мәселелерін өзіне қалдырыңыз да, өзіңізге көмектесіңіз.

Егер бізге біреу көмектескісі келсе, оны жақтырмаймыз, себебі бөгде адам тарапынан өзінің үстемдігін жүргізіп, ісімізге араласып жатқанын сеземіз. Көмек көрсету – билеп-төстеудің бір түрі. Күтушінің рөлінен бас тарту арқылы басқалар өзімізге қамқор болуына мүмкіндік туғызамыз.

@. @assel_assanova