Барби өндірушілері мүгедек қуыршақтар шығарады

Барби өндірушілері мүгедек қуыршақтар шығарады

Mattel Барби топтамасын кеңейтуді қолға алды. Компания өкілдері өз кейіпкерлерін түрлі бейнеде көрсеткісі келетінін әркез айтып жүреді. Өндірушілер 2019 жылы мүгедектер арбашасында отқан және аяғында протезі бар қуыршақтар шығаруды жоспарлап отыр.

Mattel өкілдерінің айтуынша, бұл қуыршақтар адамдардың мүгедектерге деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Сонымен қатар, компанияға мүгедек балалар мен олардың ата-аналарынан осындай қуыршақ шығаруды өтінген көптеген сұраныстар келген екен.

Mattel протезі бар Барбиді сол қолынсыз (шынтақтан төмен) туылған 13-жасар Джордан Ривзбен бірге жасаған. Сонымен қатар, осы жобаға Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) балалар ауруханасының мамандары қатысты. Олар басқа Барбиге арналған мүгедектер арбашасын жобалауға көмектескен. Барбидің қасында қуыршақ үйіне кіруге арналған сырғанақ баспалдақ та бар.

Mattel бірнеше жыл бұрын революциялық қадамға барды: ол кезде өндірушілер шынайы адам параметрлері бойынша жасалған Барби қуыршақтарын шығара бастады. Яғни, ол топтамада plus-size, бойы қысқа, бойы ұзын, иықты және басқа да стандартты емес қуыршақтар болды.

Ал, былтыр Mattel компаниясы «Шабыттандырушы әйелдер» деп аталатын топтама шығарғандығын айтқан болатынбыз. Бұл топтамада әлемге өзінің ерекше үлесін қосқан әйгілі әйелдер бейнесіндегі қуыршақтар болды. Әр қуыршақтың жанында ол туралы мағлұмат берілді. Компания бұл әрекетімен балалардың осы қуыршақтармен ойнап, жаңа армандар қоюына үлесін тигізгісі келетіндігін айтқан болатын.

Балалық шақтың Барбиі


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар