Мэри Кондо кеңестері: Жаңа жылда үйді қалай ретке келтіреміз?

Мэри Кондо кеңестері: Жаңа жылда үйді қалай ретке келтіреміз?
Фото: pinterest.com

Мэри Кондо – дұрыс үй жинау өнері туралы бестселлердің авторы және үйді ретке келтіру бойынша маман әрі кеңесші. Ол үйдегі заттардың орнын қалай анықтау керектігімен бөлісті.

Визуалдаудан бастау керек: жаңа жылда нені қалайсыз?

Анық мақсат пайда болған кезде КонМари әдісі бойынша өзгеруге мотивация да пайда болады. Заттарыңызды қайтадан қарап, өзіңізден сұраңыз: олардың әрқайсысы сіз үшін нені білдіреді және 2019 жылдағы өміріңізде ол затқа орын бар ма? Егер шкаф бетіне дейін заттармен толып тұрса, әрине, реттеуді бастап кете алмайсыз. Сондықтан біртіндеп, категория бойынша жинауды бастаңыз.

Шағын кеңістікте бір типті заттарды бір-біріне жақын сақтаңыз

Ұқсас заттарды бір жерде сақтап, оларды тігінен жинаған жөн. Сол кезде заттар аз орын алады және барлығы көрініп тұрады.

Заттарды қайтадан орнына қоюға ыңғайлы етіп жинаңыз

Әрбір затқа ыңғайлы жер табу үшін әр бөлменің ерекшелігі туралы ойланыңыз. Мысалы, жуынатын бөлмеде шұңғылшаның айналасына ештеңе қоймауға тырысыңыз, себебі ол жерге қойылған заттарға су ағады. Жатын бөлмеде негізгі орынды кереует алады. Сондықтан таңертең тұра сала төсекті жинауды әдетке айналдырыңыз. Себебі жатын бөлмеге кіргенде негізгі зейін кереуетке түседі де, жиналмаған төсек жалпы бөлмені шашылып жатқандай көрсетеді. Ас үй әдетте ұсақ-түйек заттармен толып кете береді. Сондықтан барлық заттарды жәшіктерде, шкафта жинауға тырысыңыз.

Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері

Үйді таза ұстаңыз

Таңертең ұйқыдан тұрған кезде ауаны тазарту үшін терезелерді ашып, хош иісті шам жағуға болады. Айналаны реттеу қуаныш сезімі мен жайлылық әкеледі.

А. Жапатова