Әлемдегі ең ұзақ некелік өмір – 81 жыл

Әлемдегі ең ұзақ некелік өмір – 81 жыл
Фото: Mtv

Жапония тұрғындары Масао Матсумото мен оның жұбайы Мияко ресми түрде әлемдегі ең ұзақ некелік өмірдің иелері деп танылды.

Ерлі-зайыптылар 1937 жылдың қазанында отау құрған. Қазіргі уақытта Матсумото 108 жаста, ал әйелі – 100-де. Рекорд ресми түрде тіркелді, жапониялықтар Гиннес рекордтар кітабынан сертификатқа ие болды. "Бақыттымын, бәрі менің шыдамдылығымнан деп ойлаймын",– деп күлді Мияко.

Чете Матсумото сол қалпы үйлену тойын жасай алмапты. Себебі Масао жауынгер ретінде соғысқа жіберіліпті. Дегенмен, бұл оқиға ерлі-зайыптыға көп балалы және немерелі болуға кедергі жасамаған. Ең кіші, 25-ші шөбересі өткен айда дүниеге келген екен. Олардың қызы Хиромидің айтуынша, берілген сертификат олар үшін үлкен абырой.

Адамзат тарихындағы ең ұзақ тұрмыс норвегиялық жұп Карл және Гурден Дольвенге тиесілі. Олардың жасын бірге санағанда 210 жыл, 1 ай және 34 күн. 2004 жылы Гурден қайтыс болды. 

tengrinews.kz

Н. Үсенова