Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Балалар бөлмесіне қандай үй гүлін қоюға болады?

Балалар бөлмесіне қандай үй гүлін қоюға болады?

Балалар бөлмесіне қандай үй гүлін қоюға болады?

Терезе алдында тұрған жасыл өсімдік кез келген үй-жайды безендіріп тұрады. Олар тек жайлылық сыйлап қана қоймай, ауаны тазартады. Кей бөлме өсімдіктерінің ауадағы жасырын микробтарды жоятын немесе басатын қасиеттері де бар.

Ата-аналардың көпшілігі балалар бөлмесіне гүл қоюға қорқады. Бала оны үстіне құлатып алуы мүмкін. Бірақ, егер бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз, ол балалар бөмесінің де ажарын келтіре алады. Бастысы, өсімдік қауіпсіз болуы керек. Себебі көптеген жапырақтардың құрамында улы заттар бар. Денсаулыққа зиянды өсімдіктерге диффенбрахия, сүттіген, антуриум, олеандр, кротон, филодендрон, ағаш шырмауық және тағы басқалар жатады. Олар ересектерге зиян емес, ал бала зерттеу үстінде оның жапырағын аузына салып көруі мүмкін. Гүлі бар құмыраны бала қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Баланың гүл күтіміне деген қызығушылығын арттырыңыз. Өзіңіз суарып жатырып, оған да суаруға беріңіз, әр әрекетіңізді түсіндіріп отырыңыз.

Балалар бөлмесіне сай келетін гүлдер

Сансевиерия (халық аузында «ененің тілі») – қарапайым көнбіс өсімдік. Оның басқалардан бір ерекшелігі – түнде көмірқышқыл газ емес, оттек бөледі. Оған күтім жасау оңай, көп суаруды қажет етпейді. Оны ашық күннің көзіне немесе жартылай жарық жерге де қоя беруге болады.

Кливия. Амариллистер тұқымдастығының гүлденетін бұл өсімдігі 60 см биіктікке дейін өседі. Оның жалпақ жапырақтары шаң жинаушы магнит. Өсімдік көп суаруды қажет етеді.

Сәлемшөп (циперус) кең таралған бөлме өсімдігі, оны бала бақшалардың және медициналық мекемелердің терезесінен жиі кездестіруге болады. Ол ауаны ылғалдандырып, тазартады. Оған күтім жасау қиын емес, бірақ ол тіке күннің көзін жақтырмайды.

Хлорофитум да көнбіс бөлме өсімдіктеріне жатады. Оған күтімді бала да жасай алады. Ол ауаны күйе мен майдан тазартады және ауадағы ламинат, линолеум, пластик секілді заманауи материалдар бөлетін зиянды қоспаларды залалсыздандырады.

Каланхоэні халық медицинасы емдік қасиеті үшін бағалайды. Ол өзінің бактерицидті қасиетінің арқасында ауаны микробтар мен бактериялардан жақсы тазартады. Балалар бөлмесінде осы өсімдік болса, тұмау көбейген мезгілде бала аз ауыратын болады. Ол сусыз ұзаққа дейін шыдай береді, бірақ жапырақтарына жиі су шашып тұрған жөн.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 15 сәуір 2018, 10:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.