Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Күтімді көп қажет етпейтін бөлме гүлдері

Күтімді көп қажет етпейтін бөлме гүлдері

Күтімді көп қажет етпейтін бөлме гүлдері

Нәзік жандылардың нәзік дүниеге құмар болатыны белгілі. Бөлмеге не кеңсеге сән беріп, ерекше аура сыйлайтын гүлдердің көп күтімді қажет етпейтіндері де болады. Өсімдікке көңіл бөлуге мұршаңыз болмайтын болса, мына гүлдерді біліп жүріңіздер.

Хлорофитум (Chlorophytum)

Мыңжылдық өсімдіктер қатарына жататын бұл гүл күй таңдамайды. Көлеңкеде де, күн көзінде де, суық не жылы жерде де өсе береді. Бір ай суармасаңыз, құрғап, солады, бірақ өлмейді. Суарған сайын тамыры ірілей түседі. Басты ерекшелігі – ауадағы токсиндерді жояды.

Сансевиерия (Sansevieria)

Мыңжылдық гүлдері қатарына енетін бұл гүл де көлеңкеде де, күн көзінде де өсе береді. Күн көзінде тұрса, жапырақтарының түсі өзгереді. Сансевиерия құрғақ ауадан да, өкпек желден де қорықпайды. Дегенмен, жиі суарып тұруды қажет етеді. Ал қыста мүлдем суармауға болады. Өйткені көктем шыққанға дейін суарсаңыз да, суармасаңыз да гүлдемейді.

Эпипремнум (Epipremnum)

Бұл гүл ұсақтығымен ерекшеленеді. Көлеңкеде жапырағының түсі жап-жасыл болып, кішірейе түседі. 15°С-тан төмен температураға және өкпек желге шыдамсыз. Ауаны формальдегид пен ксилолдан тазартады.

Хойя карноза (Hoya carnosa) немесе бал шырмауық

Бұл гүл шырмауық тәрізді: 6-7 метр болып шырмалып өседі. Жиі суарғанды ұнатпайды. Күн көзінде тұрса, әдемі гүлденеді. 

Крассула (Crassula) не ақша гүл

Бұл гүлдің биіктігі жарты метрге дейін барады. Жапырақтары дөңгелек тәрізді, қою жасыл түсті болып келеді. Күннің көзінде тұрғанды ұнатады. Көлеңкеде қалып қойса, жапырақтары ұсақталып кетеді. Дымқыл топырақты ұнатпайды. 

Фото: buket.kh.ua
Қосылған күні: 09 қараша 2015, 17:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.