Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Нағыз әйел қандай болуы керек?

Нағыз әйел қандай болуы керек?

Нағыз әйел қандай болуы керек?

"Нағыз әйел" ұғымын әрбір әйел заты өзінше түсінеді. Дегенмен, бәрінің де отбасында сүйікті келін, жақсы жар, аяулы ана болуға ұмтылары анық. Адам бір дүниені өзгерткісі келсе, әуелі өзінен бастағаны дұрыс. Сол секілді өзіңіздің қандай әйел екеніңізді өзіңіз ғана жақсы білесіз.

1. Нағыз әйел отбасын басты орынға қояды. Ол отбасындағы барлық жанның сүйіктісі, балаларының мақтанышы, аяулысы, қамқоршысы. Оның отырған жері көңілді. Үйінде дау-дамайға жол бермейді және ынтымақ пен бірлікті балаларына үнемі дәріптеп отырады.

2. Нағыз әйел барлық істі ақылымен шешеді. Отбасына, күйеуіне, балаларына кері әсер етер істерден аулақ жүреді. Адам намысын аяқ асты етпейді.

3. Нағыз әйел қаңқу сөздерді айтпайды. Ол өтірік-өсектен аулық. Өзгені тілдеу, мұқату, кемсіту оның ісі емес.

4. Нағыз әйел отбасындағы кемшіліктерді сыртқа шығармайды. Ерінің, енесінің мінездеріндегі кемшіліктерді және басқа да жайларды жұртқа жария етпейді. Балаларына адам баласын жамандамайды.

5. Нағыз әйел аузынан шығар сөзіне абай болады. Жиіркенішті, былапыт сөздер айтпайды және ешкіммен де бет жыртысып ұрыспайды. Өзінің орнын, сөйлер сөзін біледі. Қандай да бір қателік жіберсе, кешірім сұрауды кешіктірмейді.

6. Нағыз әйел отбасының берекесі. Ол үшін отбасы тыныштығы, бақыты маңызды. Өз үйін таза ұстап, тамақтың түр-түрін әзірлей алады. Қонақ шақырғанды ұнатады.

7. Нағыз әйел білімге, білуге құштар. Ол өзін үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруға тырысады. Балаларының бойына да осы қасиетті сіңдіреді. Ол үшін бала тәрбиесі ең жауапты іс.

8. Нағыз әйел өзімен жұмыс жасай алады. Кез келген жағдайда өзін дұрыс ұстай алады және өзін басқаруды үйренген. Ол үшін тәкаппарлық, өркөкіректік, менмендік жат қылық. Айналасындағы адамдарды бірі-бірінен бөліп-жарып қарамайды.

9. Нағыз әйел ерінің бастаған әрбір ісін қолдайды. Оның жақсы қасиеттеріне көзін ашып қарайды. Күйзелген, шаршап-шалдыққан сәтінде жанынан табылып, үнемі жылы сөздерімен дем беріп отырады.

10. Нағыз әйел өзін және өзгелерді сүйе алады. Ол басқалардың ойын, ақыл-кеңесін тыңдай алады және өзіне күтіммен қарағанды құп көреді. Өзінің әйел затына тән нәзіктігі мен сезімталдығын, ерке қылығын ұмытқан емес. 

"Нағыз әйел" деген теңеуге сыяр ұғым көп. Ал, "нағыз әйел" болу түк те қиын емес, оны қиындататын − өзіміз!

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: news-live.ru
Қосылған күні: 28 наурыз 2018, 11:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.