Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала психологиясы: отбасының тұңғышы

Бала психологиясы: отбасының тұңғышы

Бала психологиясы: отбасының тұңғышы

Ата-ана барлық баласын бөліп-жармай, бірдей жақсы көреді. Сәйкесінше, барлық баласына бірдей тәрбие беруге тырысады. Адамның ой-пікірі, мінезі, қоғамда тұлға ретінде қалыптасуы, адамдығы – көрген тәрбиесіне байланысты. Ал баланы тәрбиелеуде ата-анасының жасы, тәжірибесі, бір-бірімен қарым-қатынасы тікелей әсер етеді.

Қазақ дәстүрі бойынша көп отбасында тұңғыш бала ата-әжесінің тәрбиесіне беріледі. Мұндай балалар мейірімді болады. Басқа балаларға қарағанда ақылды болады, себебі ата-анасы жас, ал баласы ақыл тоқтатқан, өмір көрген ата-әжесінің тағылымын алып, данышпан болады. Ауылдағы ата-әже тәрбиелесе, қазақилыққа бір табан жақын болып, салт-дәстүрге қанығып өседі.

Көшбасшылыққа, билікке жақын. Қатарластары өзін билеп-төстегенді ұнатпайды. Себебі баланың үлкені болғандықтан, бауырлары өзінің айтқанымен жүріп, тілін алғанына үйренген. Керісінше, адамдарға сөзін өткізе алады, ұйымдастыру қабілеті жоғары.

Осы қасиеттің «арқасында» оның бойында аздаған жалқаулық болуы да ықтимал. Өзінен кішілер тұрғанда саусағын артық қимылдатпай дағдыланса, соңы осы қасиетке әкеледі.

Есесіне, мойнына алған ісін аяғына жеткізбей тынбайды, аса мұқият, тиянақты орындайды.

Ата-анасымен қатар құрбыдай, еркін сөйлесе алады. Олар да үйдегі мәселені шешуде, таңдау жасауда, кез келген жағдайда алдымен тұңғыш баламен ақылдасады. Ата-анасынан жыраққа кеткенде де, осы қасиет қалып қояды, жанындағылар шешім қабылдағанда өзімен ақылдасуын қалайды.

Көп жағдайда әкесіне қарағанда анасына жақынырақ болады, бар сырын айта алады. Тұла бойым тұңғышым деп, анасы көбірек мейірімге бөлейді.

Бауырмал, қамқор, жанашыр. Барлық адамды бауырындай көріп, қол ұшын созуға, қаржылық жағынан болсын, психологиялық кеңес беруде болсын – қолынан келгенін аянбауға тырысады.

Жауапкершілігі өте жоғары. Өзінен кейінгі іні-қарындастарының (сіңлілері) тәрбиесіне де араласып, оларды «адам қатарына» қосуға өзін жауапты санайды. Ақыл айтар, жол көрсетер бауыры болмай, үйдің үлкені болғандықтан, өзін өзі алып жүруге үйренеді. Басқа істерде де жауаптылығын ұмытпайды. Ақшаны үнемдеп жұмсап, барлығына жеткізе алады.

Аздап өзімшілдік қасиет те отбасы тұңғыштарының бойынан табылады. Ең жақсысы өзінде болғанын қалайды. Өйткені кішкентайынан қажетті нәрсесін алдымен өзіне алып бергеніне үйренген.

Бұл қасиеттер басқа балалардың да бойынан табылуы мүмкін, дегенмен отбасындағы алғашқы балаларда көбірек кездесетін қасиеттер – осындай.

Психолог пікірі

Ханым Орынбаева: Отбасы атты шағын мемлекетте бар тәрбиенің бастауы жатыр. Жанұядағы тұңғыш баланың басқа балалардан артықшылықтары бар. Олар көбінесе жауапкершілігі жоғары әрі шыдамды, кез келген ситуацияға төзімді келеді. Ата-анадан кейінгі сенімді тұлға ретінде өздерін үйдің жарық жұлдызы санайды. Олар шындығында ата-анасын жоқтатпайды. Мейірімді, өздеріне сенімді келеді. Кейде тек өздерін ойлап кетеді, барлығын өзім жасаймын деп басқалардың ісіне күмәнмен қарайды.

Ата-ана пікірі

Дана Хибасова: Менің алты балам бар, тұңғыш қызымды 21 жасымда өмірге әкелдім. Ол үйдің үлкені болса да ерке, себебі ата-әжесінің меншігіндегі бала. Әрі басқаларына қарағанда өте баяу қозғалады, мұны да әжесінің жанында көп жүргенінен деп түсінемін. Бірақ тапсырылған істі қанша жай жасаса да, уақытылы әрі тиянақты аяқтайды. Басқа бауырларын тәрбиелеуге бізге көмектеседі, кемшілігімізді оңашада айтып отырады. Үйіміздің алғашқы қызығы болғандықтан барлығының назары осы қызымда болды, әлі де солай, сондықтан болуы керек, өзін-өзі бағалауы жоғары. Айта берсем, артықшылығы көп, басқа балаларым бір төбе болса, тұңғышымның орны – бір төбе.

Таныстарыңыз арасынан отбасының тұңғыш балаларын есіңізге түсіріп, сипатталған қасиеттермен салыстырып көріңіз, қаншалықты сәйкес келеді? Сіз тағы қандай қасиеттер қосар едіңіз?

1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 22 ақпан 2018, 12:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.