Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Баланың тіс күтімі

Баланың тіс күтімі

Баланың тіс күтімі

Бала кезімізде тіс тазалау бәрімізге де қызық болатын. Іштей есейдік деп ойлайтынбыз. Алайда тісті тазалаудың қыр-сырын біле бермейтінбіз. Негізі баланы үнемі тазалыққа үйрету үшін оны туылған уақыттан бастау қажет екен. Себебі бала оны қалыпты жағдай деп қабылдап, сіз үйреткен әдеп пен әдетті бойына сіңіріп, өсе келе өздігінен гигенаны сақтайтын болады.

Балаңыздың алғашқы тістері түсіп, орнына қайта жаңадан тістер шыққан кезде оны сау күйінде сақтау сіздің қолыңызда. Тістер балаңыздың дұрыс сөйлеуіне және асқорыту жүйесі мен асқазан, ішек жолдарының дұрыс жұмыс жасап қалыптасуына әсерін тигізеді.  Бұл тістермен қатты заттарды жеп, тістеу арқылы кейінгі тістердің орнын қалыптастырып, тістің түзу және сау болуына ықпал етеді. Балалардың сүт тістері қақтың тұруы мен бактериялардың жиналуына өте бейім келеді. Сондықтан да балаңыздың тісін күтімге алып, ауырмаудың жолын қарастыру керек және алғашқы тістері шыға бастағанда, арнайы массажды щеткаларды тісіне тигізіп үйрету қажет. Сонда өсе келе бала тісті өзі жууға тез үйренеді.

Бала 2 жастан бастап өздігінен жұмыс жасауға бейімделеді. Ал 3-4 жастан бастап ата-ана балаға тіс щеткасын пайдалану мен тісті жуып, таза сумен шаюдың жолдарын үйретуі керек. Баланың тістеріне зиян келтірмес үшін тіс пастасы мен щеткасын тіс дәрігерімен кеңесе отырып таңдаған дұрыс. Себебі кішкентай балаларға арналған тіс пастасы тәтті болғандықтан жеп қойып жатады. Ал мұның тәттілігі мен ішіндегі қоспалары ағзаға үлкен зиянын тигізеді. Осы орайда тіске зақым тигізу мен ағзаның улануынан сақтанудың жолын қарастыра жүру балаңыздың денсаулық кепілі бола алады. Есіңізде болсын, электрлі тіс щеткаларын тіс толық қалыптасып болғанша қолданбаған жөн. Сонымен қатар балаңызға тісті әр тамақтанудан соң тазалауға үйретіңіз немесе сумен шаю керектігін түсініріңіз.

Баланың тіс щеткасы қандай болу керек?

— Тіс щетканың сабы қалыңдау, баланың уысына ыңғайлы болуы қажет;

— Щетканың басы жұмсақ, тісжегілерді ауыртпайтындай болу керек;

— Тіс щетка көлденең бағытта жатқанда, міндетті түрде түзу болу қажет;

— Тіс щеткасы  түрлі-түсті бояусыз болғаны жөн. Өйткені бояулар ағзаға түсіп, улану қаупі пайда болады.

Тісті тазалау ережелері:

— Тіс щеткасын жылы сумен жақсылап жуу;

— Тіс пастасын белгілі мөлшерде салу;

— Ауыз қуыстарын жылы сумен жақсылап шаю;

— Щеткамен тік, көлденең, айналдыра жуу керек;

— Щетканы жақсылап жылы сумен шайып, басын жоғарыға қаратып, тігінен стақанға салып қою керек

Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Ayer Dental Practice Hull
Қосылған күні: 11 қаңтар, 15:44
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.