Тіс тазалағанда қанша көлемде тіс пастасын қолдану керек?

Тіс тазалағанда қанша көлемде тіс пастасын қолдану керек?
Фото: usschoolrank.com

Құрамында фторы бар тіс пастасын ноқат секілді көлемде ғана тіс тазалағышқа жағып, тіс тазаласаңыз жетіп жатыр. Сондай-ақ, 6 жасқа дейінгі балалардың тісін тазалауға күріш көлеміндегі паста жетеді.

Балаларға не үшін аз көлемде қолдану керек? Себебі, олар тіс пастасын жұтып қоюуы мүмкін. Балалар тіс пастасын жұтып қойса олардың тісінде дақ қалдыратын флюороз ауруы пайда болады.

Жалпы, тіс пастасын көп жағудың еш пайдасы жоқ. Тек артық ақшаңыз пастамен бірге суға ағып кетеді.

Америкалық тіс дәрігері Стивен Голдберг: «Көпшілік жарнама құрбаны болады. Жарнама берушілер пастаны көп мөлшерде тіс тазалағышқа жағып, адамдарды алдайды» - деп есептейді.

Дереккөз: kaztv.kaztrk.kz

О. Сансызбай