Балаларға арналған пайдалы және зиянды ойындар #2

Балаларға арналған пайдалы және зиянды ойындар #2
Фото: Sputnik Latvija

Қазіргі кезде балаларымыз бос уақытын тиімді өткізуге көмектесетін түрлі сәнді ойын-сауықтар туралы естіп жатамыз. Алайда олардың көпшілігі кері әсерімен қатар, денсаулыққа да тікелей зақымын тигізуі мүмкін. Сондықтан заманауи хобби мен әуесқойлықтың қайсысы бала психикасына сай келетінін анықтау керек.

Басы

Хобби мен әуесқойлық баланың психикасын дамытумен қатар күнделікті өмірде қажет болатын нақты дағды қалыптастыру керек. Балаға психикасы дұрыс жеке тұлға болуына көмектесетін негізгі бағыттарды ұсынамыз.

Қозғалыс белсенділігі
Би, жүзу және басқа да спорттың түрлері қозғалыс дұрыс таңдалса, агрессия мен ашуды басып, артық белсенділікті азайтуға көмектеседі. Қозғалысты белсенділік баланы ойланған шешім қабылдауға үйретеді. 

Шығармашылық бағыт
Өнермен және қолданбалы шығармашылықпен айналысу (мүсін, ән, сурет салу, қалау, тігу және т.б) шығармашылық қабілеттілігін ашуға көмектеседі. Шығармашылық бастамасын дамыту бала психикасының барлық құраушыларын үйлестіреді. Соның себебінен ол өз эмоциясын бағындырып, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.

Модельдеу
Хоббидің бұл түрі баланы индуктивті ойлауға үйретеді, яғни бөлшектерді жинау арқылы жалпыға өте алады. Сол секілді жалпы көрініс негізінде басқа бөлшектердің бәрін ыдырату арқылы дедуктивті ойлап та үйренеді. Күнделікті мұндай жаттығу балаға шешім қабылдауды және болжамдалатын нәтижені көру қабілетін дамытады.

Үстел ойыны
Баланың білуге құмарлығын арттыратын үстел ойындары бар. География, тарих, биология, зоология негізіндегі ойындар ой-өрісін ғана жақсартып қоймай, сонымен қатар баланың өзі және қоршаған ортасы жайлы түсінігі кеңейеді.

Коллекциялау
Бір көргенде мағынасыз болып көрінген жаттығу өзіндік тәртіп пен ұйымдастырушылықты дамытуға көмектесетін құралға қалай айналғанын байқамай қаласыз. Мысалы, минералды тастарды коллекциялауды алсақ, ол өз коллекциясын толықтыруға ынталанып, жаңа данасын іздеуге кіріседі. Бұл баланы іздеуді қалай ұйымдастыру керектігіне, жақсы нәтижеге жету үшін ақпаратты қалай өңдеу керектігіне үйретеді.

Бала немен шұғылданып жүргенін және оны қандай ойын (әуесқойлық) тартатыны туралы білген маңызды. Хоббиді дұрыс таңдау оны болашақта көптеген психологиялық кедергілерден қорғайды. 

А. Жапатова