Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Балаңызға үйретіңіз...

Балаңызға үйретіңіз...

Балаңызға үйретіңіз...

Балаларыңызға бақытты болу үшін дүниенің де, өзге адамның да, белгілі бір орынның да керегі жоқ екенін үйретіңіз. Бақыт – әр адамның өз жүрегінде.

Балаларыңызға өмірде жеңіліс деген ұғымның жоқ екенін үйретіңіз. Әрбір іс-әрекеттің берері бар. Әр қателік – сынақ. Бұл – өмірлік жеңіс.

Балаларыңызға өзге адамдарды тап пен топқа бөлмеуді үйретіңіз. Ақ, қара, қоңыр түсті адам дегеннің болмайтынын, жақсы және аман адамның болмайтынын түсіндіріңіз. Адам тапқа бөлінбейді. Жақсы немесе жаман болатын әрекет қана.

Балаларыңызға қалағаныңа еңбекпен жету керектігін үйретіңіз. Мақсаттары биік болсын. Үлкен нәрсені армандау керектігін ұғындырыңыз.

Балаларыңызға өзгелердің сөздері қанатын қайырмауға тиістті екенін үйретіңіз. ӘРқашан дұрыс болуға ұмтылудың өзі де қателік екенін айтыңыз.

Балаларыңызға кез келген әрекет пен сөздің қайтарымы болатынын үйретіңіз. Өмір – бумеранг.

Балаларыңызға махаббатта шарттың жоғын түсіндіріңіз. Біреуді сүю үшін оның бай болуы, болмаса керемет оқуы маңызды еместігін айтыңыз. Махаббат  –  бүкіл әлемге сыйлай алатын өлшемсіз сый.

Балаларыңызға «ерекше болу»  ұғымын бәрін басып озу деген түсінікпен шатастырмау керектігін ескертіңіз. Ерекшелік – даралық, ол әр адамда болуы тиіс.

Балаларыңызға үйретіңіз! Бірақ, сөзбен емес, іспен үйретіңіз.

Сіз не істесеңіз, балаларыңыз соны қайталайды. Сіздің өміріңіздің айнасы  – балаларыңыз.

Есіңізде сақтаңыз!

Ата-ана мен бала – егіз жаратылыс.

2194 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: erketai.kz
Қосылған күні: 11 қазан, 10:55
Тегтер: отбасы, бала, ана, әке, ,
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...