Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі

Үйдің таза болғанын  қай-қайсымыз да  жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас. Сондықтан да әркезде  үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды. 

– Ең бастысы, процесті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз!

– Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызығырақ. Әрбіреуіңіз  тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады.

– Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз. Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді.

– Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз.

– Тез жұмысты аяқтау үшін  алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз.

– Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз.

– Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады.

– Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кір киімдердерді кір жуғыш машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз.

– Күнделікті  жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн.