Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Тоқыма тоқиық

Тоқыма тоқиық

Тоқыма тоқиық

Тоқыма тоқуды көпшілік қарт әжелер мен үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті ісі деп біледі. Алайда, тоқыма тоқу барлығына ортақ, кәделі әрі пайдалы іс екенін көпшілік біле бермейді. Күлкі терапиясы сияқты тоқыма тоқудың да денсаулыққа берер мол пайдасын дәрігер-ғалымдар анықтап, дәлелдей білген.

Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билейді. Салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары және гипетоникалық аурулар туындауы мүмкін. Бұл дерттердің алдын алу мақсатында дәрігерлер анда-санда тоқыма тоқуға кеңес береді.

Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады.

Күнделікті кешке немесе бос уақытыңыз болған кезде қолыңызға түрлі-түсті жіптер мен тоқыма бізін алып, іске кірісіңіз. Өзіңізге малақай, шарф, сөмке, жаялық тоқи бастаңыз. Ол қолымнан келмейді десеңіз, тоқыма тоқи алатын таныстарыңызға «үйретіп жібер» деп қолқа салыңыз. Дүкен сөрелерінен тоқыма тоқу туралы кітаптарды іздестіріңіз. Ғаламтор беттеріндегі тоқыма тоқуды үйрететін онлайн-сабақтардан дәріс алыңыз.

Тоқыма біздері мен жіптерді өзіңіз таңдаңыз. Өзіңізге ыңғайлы әрі жағымды болуын қадағалаңыз. Тоқыма тоқуды бастаған кезде бар ойыңыз жасап жатқан іс-әрекетіңізде болсын. Тоқып жатқан дүниенің қандай болатынын көз алдыңызға елестетіңіз. Тоқыма тоқыған кезде ашуланбаңыз, сабыр сақтаңыз. Шыдамсыздық танытсаңыз, 10-15 минут үзіліс жасап, іске қайта кірісіңіз. Күнделікті кешке тоқыма тоқуға 30-40 минут бөлсеңіз, оның қалай сүйікті ісіңіздің біріне айналғанын сезбей қаласыз. Тек бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз.

Тоқыма тоқуды қарапайым ілмектерден бастаңыз. Күрделі оюларды жасауға аса ұмтылмаңыз. Әуелі дағдыланып, қолыңызды үйретіп алыңыз. Кейін бірте-бірте күрделі оюларды тоқуды бастаңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: tlc.howstuffworks.com, modnoerukodelie.ru

134553 6
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 17:36
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2012, 17:42

О, тамаша. Кеше ғана тоқыма тоқуды қолға алды ойлап едім. Алдағы уақытта ілмекпен тоқудың түрлерін ұсынсаңыздар екен.

+0
24 қыркүйек 2012, 18:12

менинде токыма токып уйренгим келеди...

+0
24 қыркүйек 2012, 19:39

men endi uireyp jurmyn

+0
24 қыркүйек 2012, 23:58

тамаша!

+0
25 қыркүйек 2012, 22:39

Тоқыма тоқу - сүйікті істерімнін бірі.

+0
22 қаңтар 2015, 21:01

http://vk.com/wall236363875_217020 мен тоқим

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев