Көпіршіктерді қолдан жасаңыз

Суық түсіп, жаңбыр жаумай тұрып, балалық шақты еске алып, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Көпіршіктерді өзіңіз жасап көріңіз.

Сонымен үлкен сабын көпіршіктерін жасау үшін сізге мына нәрселер қажет:

1/2 л су; 1/2 л ыдыс жуатын сұйықтық; 1/2 глицерин; жуан сым; таяқша; изолента.

Шелекте су, ыдыс жуатын сұйықтық пен глицеринді араластырамыз. Сымнан ілмек жасап, таяққа изолентамен бекітеміз. Дайын болған құралды шелекке малып, үрлейміз.

Кішкентай сабын көпіршіктері үшін:

300 мл су; 100 гр ыдыс жуатын сұйықтық; 50 мл глицерин керек.

Бәрін жақсылап араластырып, көпіршіктерді үрлей беріңіз!

Көпіршіктердің сапасын жақсарту үшін, мына кеңестерге құлақ іліңіз:

Суды алдын ала "жұмсартып" аламыз. Ол үшін жаңбыр суын не қайнаған суды қолданса болады. Глицерин көпіршіктердің жарылып кетпеуіне кепіл береді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: photo-prikol.net