- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Көлеңкеде өсетін бөлме...
Көлеңкеде өсетін бөлме гүлдері
Үйді толықтай жайлылықпен, ауа тазалығымен қамтамасыз ету үшін бөлме гүлдерінің болғаны жөн. Олар көңіл-күйімізді көтереді. Өкінішке орай, барлық үйге бөлме гүлдерінің жақсы өсуіне ықпал ететін күн көзі жеткілікті түрде түспейдіі. Бүгінгі материалда күннің көзінсіз көлеңкеде өсе беретін 10 бөлме гүлін ұсынамыз.
Калатея
Бұл өсімдік әдемі өрнекті жапырақтарымен әрбір бөлменін сәнін келтіреді. Ол үшін жартылай көлеңкелі жерлер ыңғайлы, себебі ашық күннің көзінен оның жапырақтары бұралып, күңгірттеніп кетеді.
Шырмауық (хедера)
Ол өзін табиғатта ағаштардың көлеңкесінде жақсы сезінеді. Шырмауықты бөлмені тігінен көгалдандыруға пайдаланады. Ол бөлмедегі ауаны жақсы тазартады. Шырмауық топырақ талғамайды, бірақ уақытылы суарғанды ұнатады.
Драцена маргината
Драценаның экзотикалық түрі өте тартымды, алайда ол пальмаға жатпайды. Бұл өсімдікті күннің көзінен алшақ ұстап, жапырақтарының ұшы сарғайып кетпес үшін уақытылы су шашып тұрған жөн.
Қырыққұлақ
Бұл өсімдік жартылай көлеңкелі жерді сүйеді. Қырыққұлақ күтімді көп қажет етпейтін гүлдердің біріне жатқанымен, ауада және топырақта ылғалдың жетіспеушілігі болса, бірден білдіреді.
Жүрек тәрізді филодендрон
Бұл гүл де көлеңкені жақсы көреді, алайда сабақтары созылып кетпес үшін қыс мезгілінде оны жарықтау жерге көшірген жөн.
Спатифиллум
Бұл гүлді "әйел бақыты" деп те атайды. Спатифиллум бірнеше айға созылатын гүлдеу кезінде өте әдемі күйге енеді. Оның ескі сарғайып кеткен жапырақтарын уақытылы қиып тастаған жөн. Сол кезде олардың орнына жаңа жапырақтар жақсы шығады.
Аглаонема
Бұл өсімдік бөлме гүлін өсіруді бастаушыларға жақсы келеді. Оны бөліп отырғызудың қажеті жоқ, тығыз өскенді ұнатады.
Үш жолақты сансевиерия
Бұл өсімдікті халық аузында "ененің тілі" деп атайды. Ол кез келген жағдайда өсе береді.
Ұзын аспидистра
Аспидистра табиғат шартында көлеңкелі жерде өсе береді. Сондықтан бөлмеде де күннің көзін аса қажет етпейді.
Сциндапсус (Эпипремнум)
Бұл өсімдік жылдам өседі. Бөліп отырғызуды көп қажет етпейді. Бөлменің түпкі жерлерінде де өсе береді.
Өздеріңіз көргендей көлеңкеде өсе беретін гүлдер көп. Енді үйіңіздің қараңғылау жерлерін де көгалдандыруыңызға болады.
А. Жапатова