Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / 2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

Қазақстанда екінші жыл қатарынан жаңа туылған ұлдарға Әлихан есімі көп қойылған, ал қыз балалардың көбі Айзере есімін иемденген, − деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Комитеттің мәліметінше, 10 айдың ішінде Әлихан есімі 2977 ұлға, ал Айзере есімі 5762 қыз балаға қойылған.

Ер балаларға қойылатын есімдердің ішінде Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, Ерасыл, Санжар, Әмір, Нұрасыл, Әрсен, Әлинұр, Әли, Мирас, Артем, Алдияр, Максим және Айдын есімдері өте танымал. Қыз балаларға Айару, Раяна, Кәусар, Айша, Інжу, Әмина, Айлин, Аружан, София, Аяна, Медина, Аяулым, Алина және Сезім есімдері көп қойылыпты.

Айта кетейік, өткен жылы 2798 Әлихан мен 6276 Айзере дүниеге келген болатын. Бұл есімдер былтыр да көш бастады.

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: kazaly-jdb.kz
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2015, 14:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.