Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Гүл отырғыза білесіз бе?

Гүл отырғыза білесіз бе?

Гүл отырғыза білесіз бе?

Қазір әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусым. Жаз мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Гүл құпиясы туралы әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі әңгімемізде гүлдерді қалай егу керектігі туралы айтамыз. 

Кез келген өсімдікті, әсіресе гүлді отырғызбас бұрын, топырақты дайындап алу керек. Сіздің аулаңыздың  жері құнарлы болмаса, күз мезгілінде белгілеген аймағыңызға қорда сеуіп қойғаныңыз дұрыс. Олардың бойында ылғалдықпен қоса, нәрлендіретін заттар болғандықтан, бірте-бірте топыраққа еніп, құнарландырады.

Сосын шұңқыр қазып алу керек. Одан кейін, шұңқырға аздаған жылы су құйып, өсімдікті отырғызыңыз, шұңқырға топырақ түсіріп, айналасын нығыздап жабыңыз. Шұңқырдың ішіне топырақты құрғату үшін аздаған ірі құм тастарды тастасаңыз болады. Оған қоса, көң салсаңыз, гүліңіз тез және сәнді болып өседі.

Гүлдердің түрлері де маңызды рөл атқаратынын есіңізге саламыз. Сондықтан, гүл отырғызбас бұрын, олардың түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін біліп алғаныңыз жөн. 

Пиязтектес өсімдіктерді бір-біріне жақындатып егуге болмайды. Олардың арақашықтығы кем дегенде бір түйнек сиятындай, ал шұңқырдың тереңдігі үш бірдей түйнектің диаметріндей болуы керек. Мамандар отырғызу рәсімін кешкі сағат төрттерде жасаған дұрыс дейді. ­Өйткені осы уақытта күннің беті қайтатындықтан, өсімдіктердің жаңа ортаға бейімделуі оңайырақ болады.

Гүлдерді қалай-солай отырғызуға болмайды. Алдын ала жоспарлап барып еккеніңіз жөн. Гүліңіз ұзақ уақыт жайқалып тұрсын десеңіз, әр уақытта бүр ататын гүлдерді таңдаңыз. Пиязтектес өсімдіктер тез жайқалып, кең таралып өсе шығады.

Тамырдың айналасынан немесе өсімдіктің түйнегінің жанынан шамалы ор қазып, шашты бірге көміп қойсаңыз, зиянкестермен күресу оңайға түспек. Сондай-ақ, шаштар гүлдерді қосымша минералдармен қоректендіреді екен.

Көп қабатты үйде тұратын болсаңыз, балконыңыз кішігірім бақшаңыздың орнын басады. Ол үшін арнайы қыш немесе пластмас құмыраларды дайындап алып, жоғарыдағы әдістерді пайдалануға болады.

Жаз мезгілі  – демалысқа шығатын маусым. Сіз демалысқа өзге қалаға кететін болсаңыз, гүлдерге қарайтын адам керек. Ал жаздың аптапты ыстық күндерінде гүлдеріңіз жиі суаруды қажет етеді. Сондықтан гүлдерді отырғызбас бұрын, алдын ала жақсылап ойланып алуыңызға кеңес береміз.

Іске сәт, алдағы маусымда жайқалған гүлдермен бірге көңіл-күйіңіз де көтеріңікі болсын!

сурет: miloserdie.ru, kakpravilno.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 мамыр 2012, 10:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->