- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қысқатолқынды пештің сіз...
Қысқатолқынды пештің сіз білмеген мүмкіндіктері
Көптеген адам микротолқынды пешті тамақты қыздыру, дайындау үшін ғана қолданады. Ал негізінде ол ас үйде жақсы көмекшіңіз атана алады.
1. Лимонды дәмдірек етеді
Лимонды пешке салып, 20 секундқа қойсаңыз, дәмдірек болады. Үстінен езетін болсаңыз, шырыны да көбірек шығады.
2. Жасыл салат құрғақ дәмдеуішке айналады
Пешке ақжелкен және басқа да шөптерді салсаңыз, бірнеше минуттан кейін құрғақ дәмдеуіш дайын болады. Химикаттарды да қосудың қажеті жоқ.
3. Сарымсақ жеңіл тазарады
Пешті максималды жылдамдыққа қойып, 15 секундқа сарымсақты салып, қосыңыз. Пештен алған бойда тазартсаңыз, қабығы оңай ашылады.
4. Нан жаңа піскендей қалыпқа келуі үшін
Қатайған нанды жұмсарту үшін дымқыл сүлгіге орап, 10 секунд пеште ұстаңыз. Бұл әдісті нан жұмсарғанша бірнеше рет қайталауға болады.
5. Чипсыны қытырлақ ету үшін
Егер чипс дымқылданып, жұмсарып қалса, құрғақ сүлгінің үстіне қойып, бірнеше секундқа пешке салыңыз. Сүлгі ылғалды өзіне сіңіріп алады да, чипс қайтадан қытырлақ болады.
6. Жеміс пен көкөніс жеңіл тазарады
Шабдалы, қызанақ секілді жеміс, көкөністерді 30 секунд бойы пеште ұстасаңыз, қабығынан тазарту оңайырақ болады. Пештен кейін 2 минуттай қоя тұрып, сосын тазарту керек.
Ескерту! Көкөніс, жемісті пеште қоспай тұрып, қабығын тесіп қойыңыз, әйтпесе олар атылуы мүмкін.
7. Пияз көзді ашытпайды
Пиязды кесіп, 30 секундқа пешке қойсаңыз, көзді ашытпайды.
8. Бал сұйықтанады
Егер бал кристалданып кетсе, қақпағын алып, пешке 2 минутқа қойып, қыздырыңыз.
9. Иісті қайтару
Дәмдеуіш немесе жаңғақтардың табиғи иісін қайтару үшін оларды пешке 15 секундқа қойып, қыздыруға болады.
10. Дәмді жүгері
Тазармаған жүгеріні бірнеше минутқа пеште қыздырсаңыз, қабығы оңай тазарып, дәмі тәтті болады.
11. Тазарту
Микротолқынды пештің ішін тазарту үшін табаққа су толтырып, сіркесуын қосып, пеште 5 минутқа қыздырыңыз. Бұдан соң, пеш ішіндегі дақ майлықпен сүрткеннің өзінде-ақ оңай тазарады.
Ұқсас жазбалар:
Электр энергиясын не үшін үнемдеу керек?
Ф. Абилова