Қандай әйелмен ажыраспайды?

Қандай әйелмен ажыраспайды?

Жас кезінде бойжеткендердің көбі әдемілікті жігітке ұнаудың, одан әрі отбасын сақтаудың кепілі деп түсінеді. Сондықтан айдай сұлу болуға бар күшін, қаражатын, уақытын жұмсайды.

Рас, әдемілік керек. Әдеміліктің әлемді құтқаратынын даналар да айтып кеткен. Әрбір жігіт немесе күйеу жұбының әдемілігімен мақтана алады.

Алайда сұлу - сұлу емес, сүйген - сұлу. Себебі қыз-келіншек қанша жерден сұлу болса да, ол музейдің экспонаты болмағандықтан, оның көркінен басқа құндылықтары болуы қажет, яғни, сырт көркімен ішкі құндылығы таразыланады.

Ішкі құндылықтарға не жатады?

Махаббат. Отбасын құрғандардың көбі бірін-бірі ұнатып, сүйіп қосылғандар. Әртүрлі жағдаймен амалсыз үйленгендер араларында сүйіспеншілік болмағандықтан, кейін ажырасып жатады. Мұндайда көбінесе жігіт инициатор болады. Сүймей қосылғандар керісінше, бірте-бірте бір-бірін жақсы көріп қалып жатады. Жалпы жұп сүйетінін тек сөзімен ғана емес, емеурінімен, ықыласымен де білдіреді. Егер "сен мені сүйесің бе?" деген сұрақты қайта-қайта қоя берсеңіз, жан жарыңыз шаршап кетеді. "Сен мені сүймесең, мен де сені сүймеймін" деп тәкаппарлық таныту немесе "сен мені сүймесең, өлем" деп қорқыту да абырой да, береке де әпермейді.

Адамгершілік. Адамгершілігі бар кез келген жан жоғары бағаланады. Ал мейірімді, адамгершілігі мол әйел - отбасының берекесі, ұйытқысы. Бұл қасиеттер әсіресе жігіт басына күн туғанда көбірек сыналады. Мысалы, жұбайы жұмыстан босап қалса, ауырып қалса, т.б. өмірдегі келеңсіздіктерге тап болғанда олардың шаңырағын шайқалтпай алып қалатын нәрсе - өмірлік сыңарының адамгершілігі.

Шыдамдылық. Шыдамдылықты кейде көнбістікпен, жуастықпен шатастырып жатады. Рухани жағынан мықты адамдар шыдамды болып келеді. Майысса да сынбай, төзімділік таныта білетін әйелден ешбір еркек бас тартпайды. Алайда төзімділік қатыгездік емес, әйел өзінің әйелдігін, нәзіктігін ешқашан жоғалтпағаны жөн. Себебі нәзіктік - әйелдің нағыз болмысы әрі қаруы.

Ақылдылық. "Әйелдің қулығы қырық есекке жүк болатыны" баршамызға аян. Сондықтан адасқанда дұрыс ақыл қосатын, балаларының алдында күйеуінің беделін төкпей, керісінше, көтермелейтін жар кім-кімге болсын ұнайтыны хақ. Ақылды әйелдің күйеуі тек үйдегі отағасы ғана емес, халық сыйлайтын ел ағасы. Егер күйеуіңізде мұндай қасиет байқалмаса, өзіңізге ренжіңіз.

Мықтылық. Әйелдерге қатысты мықтылық қара күш емес. Жүйкесінің мықтылығы. Кейде күйеуі ішіп алып, лаң салып жатқанда әйелдің әйелі ғана шыдайды. Мықты әйел өміріне налып, "сен менің өмірімді ойран еттің!" деп ішкен күйеуін тастап кетпейді, арақ ішуін қойдырады.

Сурет: ©Инна Иноземцева

Ұқсас жазбалар:

Ажырасудың көбею себебі неде?

Өмір туралы өсиет әңгіме

Сүйіктіңізге ақша тапқызудың оңай жолдары

Болашақ жарды қалай таңдайсыз? #3

Ф. Абилова