- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Шыршаны безендіру сәтін...
Шыршаны безендіру сәтін қалай көңілді өткізуге болады?
Халықтың басым бөлігі Жаңа жылға қарсы шырша безендіреді деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Әсіресе кішкентай балалары бар үйде бұл кәдімгідей дәстүр.
Шыршаның қандай түрін алған жөн?
Егер табиғи шыршаны алсаңыз оның ылғалданып тұру керек екенін ұмытпаңыз. Ал негізінен, табиғи шыршаны кесу – экологиялық жағынан дұрыс емес әрі жасанды шыршаны бірнеше жыл қатарынан пайдалануға болады. Осындай пікірді ұстанатындар жасанды шыршаны таңдайды.
Егер шырша безендіруді барлық отбасы мүшелері бірігіп істейтін болса, бұл әрқайсыңыздың жүрегіңіздегі ең қымбат естеліктердің бірі ретінде сақталатыны сөзсіз. Сондықтан сәбиге де, ата мен әжеге де тапсырма беріңіз. Әжелер алдын ала қолғап, шұлық тоқуларына болады. Аталар қағаздан ойыншық жасай алатын болар. Оларды дайын ойыншықтармен үйлестіріп ілсеңіздер, шыршаңыздың ерекшелігі айқындала түседі.
Шыршаны кіріп-шыққанға кедергі жасаймайтын орынға қойған тиімді. Үйде кішкентай сәби, мысық болса, шыршаны құлап кетпейтін етіп, мықтап орнатыңыз, сынатын ойыншықтарды, гирляндтарды үстіңгі жағына ілген дұрыс. Шыршаның төменгі жағына жұмсақ ойыншықтарды қоюға болады.
Безендіру барысында тату-тәтті күйді сақтаған пайдалы: бір-біріңізбен қалжыңдасып, мақтап-мадақтап барынша көңілді өткізген жөн.
Үйде Жаңа жылдық көңіл күйді үстемелеу үшін қарағай майын тамызып қоюға болады.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау естеріңізде болсын. Үйден шығарда шамдарды тоқтан ажыратыңыз.
Автор: Фариза Әбілова
Сурет: artleo.com
Оқи отырыңыз:
Жаңа жыл алдында жасалатын маңызды іс
Жаңа жыл мерекесін қай елде қарсы алуға болады?
Ф. Абилова